Есірткісіз өмір ғажайып!
Есірткісіз өмір ғажайып!
Өмір адамға бір-ақ рет берілетін үлкен сый. Кеудеңде жаның барда төбеңдегі ащық аспаның, жарық күннің қадіріне жетіп, бағалай білу қажет. Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде.Өмірде түрлі жағдайлар болады, қандай жағдай болмасын ақыл-ойымызбен,сабырлылығымызбен жеңе білу керек.
Адамға таңдау өзіне беріледі, өз өмірі өз қолында. Қазақта жақсы сөз бар «Жақсылық көрсем –өзімнен, Жамандық көрсем – өзімнен» деген. Дені де, жаны да сұлу адам ғана мәнді де, бақытты, салауатты өмір сүре алмақ.
Қазіргі қоғамда есірткі, шылым шегу, зиянды әдеттермен айналысу – өз өміріне балта шабумен тең. Ондай адамдар өмірден өз орнын таппаған мақсаты жоқ, әлсіз жандар деп білемін. Қазіргі уақытта есірткіге үйір болып, соның жолына түсіп, тығырыққа тіреліп жатқан қаншама жасөспірім бар. Егер оған тәуелді болса, өмірі бақытсыздыққа, қайғы – қасіретке және ол аурудан құтылмайтындай кесапат әкеледі. Есірткі есту қабілетін, жүйке жүйені мүлдем жояды. Соның әсерінен қаншама отбасы опық жеп отыр. Қаншама тағдырларды өз жолынан адастырып, теріс бағытқа әкетіп жатыр. Әсіресе адам ағзасына әсері орасан зор. Мысалы:
1. Ашушаңдық, зейін, есте сақтау қабілеті төмендейді;
2. Жүрек, қан айналымын, асқазан, өкпе жолдарын зақымдайды;
3. Қызық көрушілік пен еліктеушілік пайда болады.
Міне, осындай күйге түскен адамның өмірі қандай болмақ деп ойлайсыз?!
Жаны мен тәні уланған адам қалыпты өмір сүруге қауқарсыз. Елбасымыздың «Қазақстан 2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әдеттерден аулақ болу. Қазіргі таңда етек алған заманымыздың дерті – осы нашақорлық.
Өмірімізді ұзарту да, қысқарту да өз қолымызда. Өмірімізді мәнді де, мағыналы, бақытты ету үшін жаман әдеттерге әуес болмай, ішімдік, есіртткіден аулақ болуымыз керек. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысайық! Дені де, жаны да сау адамнан өмірге дені сау, саналы ұрпақ келеді. Біздің болашағымыз біздердің, яғни саналы ұрпақтың қолында.
#есірткігеқарсыбайқауы
№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектеп
Шағдарбекова Райхан
№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектеп
Шағдарбекова Райхан