Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Берік отбасы – есірткіден аулақ!

Берік отбасы – есірткіден аулақ!

Отбасы – бала тәрбиесінің алтын бесігі, мейірім мен сенімнің мекені. Баланың жарқын болашағы ата-ананың тәрбиесі мен қамқорлығына байланысты. Біз балаларымызды адалдыққа, білімге, еңбекқорлыққа және салауатты өмір салтына баулуды басты міндетіміз деп санаймыз.
Есірткі – адам денсаулығына ғана емес, болашағына да қауіп төндіретін зиянды әдет. Сондықтан әр ата-ана баласымен ашық сөйлесіп, оның ортасына, қызығушылығына көңіл бөліп, кез келген жағдайда қолдау көрсетуі қажет. Отбасындағы сенім мен сүйіспеншілік баланың дұрыс таңдау жасауына көмектеседі.
Біз ұрпағымыздың білімді, дені сау, саналы азамат болып өскенін қалаймыз. Балаларымызды спортқа, өнерге, білімге баулып, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырамыз.
Әке: Берік отбасы – баланың сенімді қорғаны!
Ана: Мейірім мен сенім – дұрыс тәрбиенің негізі!
Үлкен ұл: Білім мен еңбек – болашаққа бастар жол!
Қызы: Арманымызды қорғайық, денсаулығымызды бағалайық!
Ұлы: Есірткісіз өмірді таңдайық!
Барлығымыз бірге: Әр отбасы берік болсын, әр баланың болашағы жарқын болсын!

Темірхан Алихан,
№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектептің 6 “Ә” сынып оқушысы
19 қазан 2026 ж. 97 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9446).

17 қазан 2026 ж.

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031