Берік отбасы – есірткіден алыс!

Әсіресе қазіргі заманда барлық бала ұядан не көрсе соны өмірлік ұстаным етеді деу де қиын. Заманның өзгеруі ме, адамның пиғылының бұзылуы ма, қоғамда жан түршігерлік жағдайлар жетіп артылады. Соның бірі есірткі тұтыну, нашақорлыққа салыну. Ата-бабамыздың қанында болмаған мұндай жат әрекеттерге жол бермеу керек. Ең бірінші балаға отбасындағы ата-әжесі және ата-анасы тәрбие беріп, жат қылықтарға бармауын қадағалау керек. Мен баршы қазақстандықтарды ұрпағымызды есірткісіз әлемде тәрбиелеуге шақырамын!
Өмірің қуанышқа, бақытқа толы болсын десең, есірткіден аулақ бол. Қарап тұрсаңыз, соның кесірінен талай шаңырақ шайқалып, жас жұбайлар ажырасып кетуде. Тіпті, тепсе темір үзетін жастардың өмірі қыршыннан қиылып кетуде. Сондықтан зиянды заттарға жолама. Мен жастарды жарқын болашаққа барар жолды таңдауға шақырамын!
Әрбір жас өз келешегіне өзі қастық қылмауы керек. Бізге қазірден бастап саналы азамат, үлгілі тұлға ретінде қалыптасқан дұрыс. Ата-ана үмітін ақтай алатын, қоғам болашағына жанашыр болатын, бәсекеге қабілетті маман болу да әр адамның өзіне байланысты. Есірткі адам баласын ессіз етіп, саналы түрде ойлау қабілетінен айырады. Болашаққа балта шабады. Ел ертеңін ойласақ, дені сау ұрпақ болайық. Мен Барша жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын!
#противнаркотиков, #есірткігеқарсы
Саркеевтер отбасы
№149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебі