Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Берік отбасы - есірткіден алыс!

Берік отбасы - есірткіден алыс!



«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ
 тарапынан жарияланған байқауына»
 РЫСПАМБЕТОВТЕР  ОТБАСЫ
Әрбір отбасының өз құндылығы болады. Ол құндылық ежелден бері келе жатқан немесе құндылықтар болуы мүмкін. Кез келген отбасында дінді сақтау, ұрпақ жалғастыру, балаларды тәрбиелеу-дәстүрлі отбасылық құндылыққа жатады. Берік отбасының мақсаты – бақытты өмір сүру. Қазіргі заманнан өзгеруіне байланысты әр замандағы адамдар әр түрлі. Қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т.б.жатады.
Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері жайында жыл сайын мектеп оқушылары түсініктерін кеңейтеді.
Сіздерді зиянды әдеттерден аулақ болуға, өзін де, өзгені де сақтандыруға, қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге шақырамын!
Жастар – біздің болашағымыз. Баланы зиянды әдеттерден алшақтату арқылы сіз оның ертеңгі өмірінің сау болуына себепкер боласыз. Бос уақытты тиімді пайдаланып, отбасылық құндылықтарды, отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтты мықты ұстаған жағдайда есірткіден алыс болады.
Есірткі деген нәрседен аулақ жүруге шақырамын. Себебі зиянды әдеттер көптеген аурулардың пайда болуына, адам денсаулығына орасан зор зиянкестік тудырады.
Жаңа Қазақ елі үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, ұлттық құндылықтар аясында кеңейту-өзекті мәселенің бірі. Жаман әдеттердің бірі болып табылатын  есірткі, ол денсаулыққа ғана емес, рухани жан дүниесіне де нұқсан келтіріп, ақыл-ой жүйесін бұзады.
Адам болатын жасөспірім – барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауы тиіс. Ол үшін дұрыс және рационды тамақтану, жақсы эмоциялар, табиғатқа деген сүйіспеншілікті, шынығу, жаман әдеттердің қалыптасуынан арылу қажет.
Берік отбасы – есірткіден алыс болады дегенге толықтай қосыламын. Біз есірткіге қарсымыз! Сонымен қорытындылай келе, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық.
Әр адам ең бірінші өзін құрметтеу керек. Бір-біріміздің жақсы қасиеттерімізді бағалай келе, достар зиянды заттардан аулақ болайық!
№47 мектеп-лицейі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
#есірткігеқарсы  #противнаркотив @upndpkzo
18 ақпан 2022 ж. 853 0