«Берік отбасы-есірткіден алыс!»
«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ
тарапынан жарияланған байқауына»
МАМАДИЯРОВТАР ОТБАСЫ
Берік отбасы – кез келген жағдаяттан шыға алатын, ауыз біршілігі мол, сыйластығы жарасқан кішкентай мемлекет деп ойлаймын. Отбасы жақсы жағынан көріну үшін әрдайым алдына қойған мақсатты жүзеге асыру үшін талпыну керек. Кейбір отбасыларда, ұрыс-керіс көптеп кездеседі. Оның көп себептерінің бірі – зиянды әдеттерге әуестенуден пайда болады. Зиянды әдеттерге: шылым шегу, ішімдік ішу, есірткі заттарды қолдану болып табылады. Есірткінің көмегімен қиындықтарды жеңіп, өмірдің ащы шындықтарынан алыстағысы келеді.
Есірткі – орталық жүйке жүйесіне әсер ететін қоздырғыш зат екенін біле тұра, соны кейбір жасөспірімдер есірткінің зиянын ұмытып та кетеді.
Берік отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Мықты мемлекет болуымыз үшін жанұямызға берік босаға, кең кереге, үлкен терезе, мықты шаңырақ керек. Асыл әжеміздің үйреткен тігін шеберханасын дамытудамыз.
Барлық отбасындағы ата-аналар балаларына зиянды әдеттерден аулақ бол деп тәлім-тәрбие беріп өсірсе, берік отбасылар саны артатын еді.
«Дені сау бала әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты бала халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» деген ұран тастай отырып, отбасы құндылықтарын сақтауға шақырамын.
Құрметті достар, жалынды жастар!
Отбасы деген құндылықты ұмытпаңыздар! Есірткіге елітіп, ертеңгі болашағымызға балта шаппайық. Қазір білектінің емес білімділердің заманы. Ал білімді жастар жат әдетке бармайды. Нашақорлық емі жоқ дерт екенін ұмытпаңыздар!
№46 мектеп-лицейі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
#есірткігеқарсы #противнаркотив
@upndpkzo