Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлігі бекем, тірлігі келісті әулет

Бірлігі бекем, тірлігі келісті әулет

Шиелі ауданындағы Сейтжановтар әулеті елге сыйлы, шаңырағынан құт үзілмеген отбасы. Осындай әулеттің берік қазығы Әбдімәлік аға мен Бақтыгүл анамыз ақылы дария, пайым-парасаты жоғары, құт қонақтап, бақ дарыған жандар. Осындайда Қасым ақынның сүйікті жұбайына арнаған «Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер» дейтін өлең жолдары еске түседі. Осы өлеңге лайық өзара жарастығы орнап, сыйластығы артқан әдемі әулет жайлы айтпақпыз.
Біздің Шиелі ауданында да көпке үлгі етуге лайықты, татуылығы жарасқан, ауызбірішілігі келіскен, бірілігі үзілмеген, тәлім-тәрбиесі бөлек әулеттер баршылық.Соның бірі – Ақтоған ауылының кіре берісіне қоныс тепкен Сейтжановтар әулеті. Бұл отбасының тірегі, ақыл айтар данасына айналған қазыналы қария Әбдімәлік қарапайым шаруа адамы. Кезінде колхоздың тірілігіне араласып, ауылының өркендеуіне өз үлесін қосқан жан. Адам өміріндегі маңызды фактор отбасын құру, ұрпақ көбейту. Шағын шаңырақты берекелі етіп, ішін жанға, сыртын малға толтырып, саялы ағаштай тамырын тереңге жаю, көктеп-көгеру әр пенденің арманы болары хақ. Осы жолдан жаңылмай шаңырақтың ұйытқысы, асыл ана Бақтыгүл екеуі 7 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірді. Олардан 35 немере мен 2 шөбере сүйіп отыр.
1 мауысым – Халықаралық балаларды қорғау күнніне орай Сейтжановтар әуелеті мақаламызға мұрындық болып отыр. Міне, бірнеше ұрпаққа пана, ана болып отырған керегесін кеңге жайған әулеттің ауызбірішілігіне қарап көңіл марқайып, қуанып қаласың. Қазақтың әр сөзінің астарында тәлім-тәрбие жатыр. «Тәрбие отбасынан басталады» деген халық даналығы да бекер айтылмаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті сезініп өзінен өрбіген ұрпақтарына пана болып отыр.
– Бәрі – балам үшін дейтін халықпыз ғой. Бала – әрбір отбасының алтын діңгегі. Берекесі басым отбасында бала сүйіспеншілікке бөленіп өседі. Барлық өзімнен өрбіген ұрпақтарымды саналы, адал жолға тәрбиелеуге тырысып келемін. Балаларыма атадан қалған әділеттілік, еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттерді өнеге қыламын. Саналарына бекітіп, жақсы қасиеттерді игеруіне күш саламын, – дейді Әбдімәлік ата.
Осылайша, ата-бабамыз ер баланы ертеңгі мұрагер, қара шаңырақтың иесі санаса, қыз баланы жат-жұрттық, өз үйіне қонақ санаған. Бұл әулеттің бір өзгешелігі жеті келінді бір үйде ұстау, оларға үлгі-өнеге беріп бір үйде бірге ғұмыр кешу кез келген отбасында кездесе бермейді.
Сейтжановтардан үлгі алған әрбір отаудың бауыры бүтін, босағасы берік болғай!

Сымбат Сұлтан
01 маусым 2021 ж. 1 043 0