ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕҢБЕК САБАҚТАСТЫҒЫ БЕСІНШІ ФОРУМЫ ӨТТІ
Қызылорда қаласында еңбек күні мерекесі қарсаңында «Ата кәсіп-алтын мұра» атты V облыстық еңбек сабақтастығы форумы өтті.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бұл форумның 2013 жылдан бастап өткізіліп келе жатқанын атап өтті.
«Елбасының Жарлығымен бекітілген «Еңбек күні» мерекесін биыл бесінші рет атап өтіп отырмыз. Осы уақыт аралығында кәсіпті атадан балаға мирас етіп отырған қаншама отбасыларды облыста ғана емес, республика көлемінде таныта білдік. Біздің бүгінгі жас ұрпағымыз атакәсіпті жалғастырып, оның қыр-сырын отбасынан үйренсе, әрі қарай жалғастырса, мұның өзі бір тәрбие мектебі емес пе. Соның нәтижесінде өздеріңіз сияқты еңбек әулеттері қалыптасып жатса, бұл да бір ұлтымыздың рухани жаңғыруы болмақ»,-деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, форум аясында «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары, кәсіподақ ұйымдарының үздік жас мамандары және әртүрлі саладағы жастардың үздік тәлімгерлері белгілі болды.
Атап өтейік, аймақтың үздік еңбек әулеттері салалар бойынша анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Білім беру саласы бойынша Қазалы ауданы Сексенбаевтар отбасы үздік деп танылды. Отбасының жалпы жұмыс өтілі - 305 жыл.
Мал шаруашылығы саласының үздігі - Жалағаш ауданының Ойнаровтар әулеті. Саладағы еңбек өтілдері 142 жылды құрайды. Әулеттің үлкені Ойнаров Сайлаудың осы саладағы еңбек өтілі - 40 жыл. Бүгін де ол кісі - Аққыр ауылының өркендеуіне зор үлес қосқан құрметті ауыл ақсақалы.
Сырдария ауданының Сәдуақасовтар әулеті мәдениет саласы бойынша үздік шықты. Өнерлі отбасының жалпы еңбек өтілі 166 жылды құрайды. Отбасының 7 өнерпазы музыка мамандары болып табылады. Әулеттің үлкені Сансызбай Сәдуақасов - осы салада 50 жыл еңбек еткен өнер иесі.
Ауылшаруашылығы саласында Арал ауданының Бердімағанбетовтер әулеті жеңімпаз атанды. Отбасының жалпы еңбек өтілі 257 жылды құраса, әулеттің үлкені Төрехан Бердімағанбетов осы салада 35 жыл еңбек еткен.
Егін шаруашылығы саласының үздігі – Жаңақорған ауданының Көкетовтер әулеті. Отбасындағы 6 адамның сала бойынша еңбек өтілі - 58 жыл. Әулеттің үлкені Балғынбай Көкетовтың өз еңбек өтілі 22 жылды құрайды.