Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнегелі отбасы – қоғамның айнасы

Өнегелі отбасы – қоғамның айнасы

Біріккен Ұлттар ұйымы 1993 жылы 15 мамырды «Халықаралық отбасы күні» деп жариялағаны белгілі. Дана халқымыз «Отан – отбасынан басталады», «Отбасы – алтын ұям» десе, қазақтың арқалы ақыны Қасым Аманжолов «Отбасы – шағын мемлекет, мен – Президент, сен – Премьер» деп өмірдегі отбасының теңеуін теңдесі жоқ биікке, шыңға балаған. Шындығында Отанға деген сүйіспеншілік жанұямыздан басталып, қалыпты жағдайда үлгілі, өнегелі немесе тәрбиелі отбасы аталып жатамыз. Туған шаңырақтан алған тәрбие, бұл барша халықтың болашағы, келешегі, жақсы өмір сүрудің кепілі. Жарасымды жанұялар, тамырлы, текті әулеттер қашанда көпке үлгі болады. Әр отбасы мемлекетіміздің, тәуелсіздігіміздің іргетасы саналады. Қалай десек те жанұя – адам баласының, адамзаттың діңгегі. Сондықтан да бүгінгі күннің өзекті мәселесі – отбасы тәрбиесі. Осындай өмірлерін бір кәсіпке арнаған әулет мүшелерін іздестірген аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Бағлан Серікбайұлы атбасын Өркен Әзімханұлының отбасына тіреді. Ол «Халықаралық отбасы күніне» және ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толу мерейтойына орай, өнегелі, өнерлі отбасы туралы бейнеролик дайындап, облыстық полиция департаментіне жолдады. Өркен Әзімханұлы – елге танымал азамат. Ол – Қазақстан Республикасының журналистер одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері, ҚР ІІО Құрметті ардагері, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», 1980 жылы полиция жанынан құрылған «Жалын» ансамблінің әлі күнге дейін көркемдік жетекшісі. Зайыбы Рая Рахим екеуі 8 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген. Ұл-қыздарынан тараған жиырма бестей немеренің ата-әжесі. Өркен Исмаил аудандық полиция бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы милиция подполковнигі болса, үлкен ұлы Әзімхан Асқан – қаржы полициясының отставкадағы подполковнигі, куйеубаласы Досым Абуов бөлімше басшысы, полиция подполковнигі, кенжесі Дарын Әзімхан бөлімнің жергілікті полиция қызметінде учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны. Династия десекте болғандай. Мереке қарсаңында Ә.Әзімхан халықты, полиция қызметкерлерін «Отбасы күнімен» құттықтаса, немерелері Нұрай, Жұлдыз, Кемеңгерлер данышпан ақын Абайдың өлеңдерін оқып, ардагер атамыз Өркен Исмаил «Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын» деп ақ батасын берді.
15 мамыр 2020 ж. 1 251 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031