Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып » Ақмешіт жастары Есірткі! Есті алар ессіз сөз! Естігенде денең түршігіп, қасіретін білгенде жүрегің қан жылайды. Сондықтан да жастар, өскелең ұрпақ «Есірткіден аулақ болайық!» Ел ертеңін ойлайық!
Нашақорлық – қоғам дерті. Онымен күресу де баршаға ортақ. Болашақты ойласақ, бүгінгі күннен бастап әрекет етейік. Ол үшін салауатты өмір салтын сақтайық!
Қадірменді жас ұрпақ!
Өмір – ғажайып! Егер оны ата-анаңмен, дос-бауырмен, құрбы-құрдаспен тату-тәтті өткізер болсаң. Ал есірткі күніңді қараң етеді. Жақындарың жат болып, өзің сүреңсіз әлемде жалғыз қаласың. Айықпас дерт жабысып, ұзақ ғұмырың қысқарады. Ойлан! Өмір адамға бір-ақ мәрте беріледі.
Есірткісіз әлем – Жаңа Қазақстан!
Біз әлемдік аренада өз жолымызды тапқан елміз. Ендігі жерде есірткісіз Жаңа Қазақстанды құру біздің қолымызда. Атам қазақ «Ел болам десең, бесігіңді түзе» текке айтпаған. Мен үндеуімді бесіктегі сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін жеткізгім келеді. Шылым шегу, ішімдік ішу, есірткіге әуестену сынды зиянды істерден бойымызды аулақ ұстайық, Қазақ елі!
Жарқын Қазақстанды бірге қалайық!
Абдуахит Сағадат
153 Ш.Есенов атындағы мектеп лицейінің
10 "Ә"сынып оқушысы
09 қараша 2023 ж. 313 0