Есірткісіз өмір ғажайып
Біз Жаңа Қазақстанның өскелең ұрпағы, есірткімен күресу жолын қолдай отырып, жастар мен жасөспірімдерге есірткіге қарсы үндеу жариялаймыз.
Қазір ғылым мен техника күн санап өзгеріп, сағаттап түрленіп жатыр. Осы көштен қалмау үшін білімнің биігінде болып, бойымызды таза ұстауымыз қажет. Өмір – адам үшін берілген ең үлкен сый. Балдай тәтті өмірінде бойын зиянды заттарға үйретіп, болашағын бұлыңғыр еткен жастарға «Ойлан!» дегім келеді. Сені ата-анаң не үшін мәпелеп өсірді? Сол ата-ана еңбегінің өтеуі – олардың үмітін ақтау, салауатты өмір салтын ұстанып, жетістікке жеткеніміз.

Еліміздің кемелденуі мен ұлтымыздың жарқын болашағы білімді де дені сау ұрпақтың қолында. Әрбір жас ұрпақтың міндеті – халықтың болашағын сақтап, дені сау ұрпақты дүниеге әкеліп, тәрбелеу. Біреу есірткіні тұтынуға шақырса, ойланбастан «Жоқ!» деп жауап бер. Ол сенің өз құқығыңды сақтаумен тең.
Есірткіні жанына серік еткен адамның қолына ел болашағын тапсыра алмаймыз. Біз әрқашанда «Есірткісіз өмір ғажайып» ұранын қолдап, есірткінің тарауына жол бермей , күресуіміз керек. Есірткісіз күліп-ойнап өмір сүру – ғажайып!
Нұрдана Қаниярова,
№50 Абай атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы
№50 Абай атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы