Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоқ! – деп айтуды үйрен

Жоқ! – деп айтуды үйрен

Есірткіге жол жоқ!»Үндеу

Есті адам есірткіге жоламас болар! Нашақорлық жарқын болашағыңа жасалған қастандық. Яғни шылым шегу, ішімдік ішу, түбі есірткіге әуестікке алып келерін білген жөн жас ұрпақ!
Қадірлі достар!
Әлемде 275 миллион нашақор адам бар. Ал жыл сайын сол есірткінің салдарынан 500 мың адам көз жұмады екен. Сау тәніңді дертке байламай, есірткіге «жоқ» деп айтуды үйрен!

Жалындаған жас буын!
19 миллион халқы бар Қазақстанның ертеңі келешегі жетіліп келе жатқан жас буынның қолында. Яғни сіз бен біздің қолда. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде 18,5 мыңнан астам нашақор тіркеуде тұр. Оның ішінде 1,5 мыңы әйелдер болса, жаға ұстатарлығы 94 жасөспірімнен нашақорлық дерті анықталған. Сондықтан ата-бабадан аманат болып жеткен қазақ жерін, қорғау үшін бар күш-жігерімізді салайық!

Есірткісіз болашақты бірге қалайық!
Қазақта «болар елдің балалары бірін-бірі батыр дер» дейді. Олай болса бір-бірімізді қорғап жүрейік. Ең бастысы «Қазақстан мемлекетінде нашақорлық дерті жоқ» деген күнге жетейік! Есірткіге «жоқ» деп айтуды бүгіннен бастап бірге үйренейік!

Жанболат Оразмахан,
№49 мектетің оқушысы
06 қараша 2023 ж. 254 0