Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткі – құлдықтың заманауи түрі

Есірткі – құлдықтың заманауи түрі

«Жоқ! - деп айтуды үйрен»

«Жоқ деп айта алмайтындар,
құл деп аталу керек».
Николас Шамфорт
француз жазушысы,
ойшыл.
Құрметті достар! Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый.Дені сау, жан - жақты дамыған, жаны сұлу адам ғана мәнді де салауатты ғұмыр кешеді.Өкінішке орай арамызда өмірлерін нашақорлыққа, ішімдікке, темекіге улайтын жастар бар.Ол бізге індет заңы бойынша таралып жатыр. Нашақорлық – қайтымсыз тәуелділік, психикалық бұзылыстарды, галлюцинацияларды тудырады.Есірткіге деген тәуелділік адамды бәрін істеуге итермелейді,ұрлыққа, тіпті адам өлтіруге барады.
Достар, зиян әдет адамның өмірінің тас-талқанын шығарады. Ойлаңыздаршы, қамшының сабындай қысқа өмірде, бақытты өмір сүргенге не жетсін!. Егер нашақорлықпен айналыссаң өмірің ұзаққа бармайды. Есірткінің зиянын айтатын болсақ, өте көп.Біріншіден, ол тұзақ болса, екіншіден,алдану.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен деп дана халық бекер айтпаған. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, спирттік ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын ұстанайық, достарым! Ерік-жігері мықты,өз шекарасын қорғай алатын адам ешқашан нашақорлықтың құрбаны болмайды.
Есірткі – құлдықтың заманауи түрі.«ЖОҚ» - сіздің жалғыз жауабыңыз.

"149 Ә. Монтаев атындағы орта мектебі"
Алпысбай Жұлдызай Тұтқабайқызы
7 А сынып оқушысы

#есірткігеқарсы,
#противнаркотиков

01 қаңтар 2023 ж. 396 0