Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоқ! – деп айтуды үйрен

Жоқ! – деп айтуды үйрен


Сен білесің бе? Қазір еліміз шарықтап даму үстінде. Әр адам әр түрлі саланы үйреніп, меңгеріп, кәсіп ашып, халыққа қызмет көрсетіп, еңбек етіп, тер төгуде. Елімізден жыл сайын көптеген талантты жастар, батырлар, еңбекқоразаматтар шығуда. Олар өз таңдауын жасаған, болашақ мақсаттары айқын, армандары үшін жұмыс жасап жатқан жандар.
Бірақ әр адам әртүрлі нәрселерге қызығып, еліктеп, өз-өзін іздейтін уақыт жас аралығы болады. Әртүрлі адамдарды жолықтырасың, түрлі жағдайларға тап боласың. Депрессия, мазасыздық, бақытсыздық деген сияқты сезімдер мазалауы мүмкін. Сол кезде жаман әдеттерден аулақ бол! Нашақорлық пен маскүнемдікке «Жоқ!» – деп айтуды үйрен. Себебі ол нәрселер өміріңнің соңына дейін тәуелділік пен жаман әдет болып қалыптасуы мүмкін. Ол көп адамның өмірін жалмап, отбасынан айырып, үлкен қайғы қасірет алып келген. Нашақорлық – ол үлкен дерт пен заң бұзушылық. Ол дертпен ауырған адамдардың қаншасы арнайы орындарда емделуде немесе темір торда жазаларын өтеуде.
Сондықтан әр адамның таңдауы – өз қолында. Біз мақсатымызға жетер жолда нашақорлыққа жол бермеу арқылы, өз өмірімізді қолға алып, адал еңбек етіп, еліміздің өркендеп дамуына өз үлесімізді қоса аламыз.

#есірткігеқарсы
#противнаркотиков



Қайратова Гүлсезім
№127 Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің
8-сынып оқушысы
14 қаңтар 2023 ж. 768 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031