Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

   
Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ БАЙҚАУҒА
Есірткі адам өміріне зиян екені белгілі. Бірақ біз "есірткіні танып біле аламыз ба?" осыған тоқтала кетсем.Наркотик — БДСҰ-ның анықтауы бойынша, ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі. Термин әдетте есірткі анальгетиктер деп аталған апиыны бар заттарға немесе опиоидтарға жатады.Алғаш болып «наркотик» деген анықтаманы сезгіштікті жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек емшісі Гиппократ қолданған. Бұл анықтаманы дәрігер Клавдий Гален көбінесе мандрагор,семена эклаты мака тамырын немесе эклат тұқымдарын және көкнәрді терең зерттеген.Аталмыш терминнің мәні ХХ ғасырда кеңіді. Алдыңғы уақыттарда «наркотик» деген мағынаны беретін сөз, уақыт өте көпмағыналы бола бастады. Қазіргі уақытта наркотик айналымы барлық елдерде шектеулі. 2009 жылдың бірінші қарашасының тіркеуіне сәйкес, 1972 жылы наркотикка қарсы өткізілген жиынның келісімінде 186 ел қосымшалар енгізген, бұл бүкіл әлемдегі елдердің 96% - ын құрайды екен. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлеметінше есірткі қолдануда көш бастап тұрған елдер АҚШ пен Канада тұрғындары екен. Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлі­меттері бойынша, соңғы 10 жылда есірт­кіге тәуелді адамдардың саны 22 пайыз­ға өскен. Әлемде шамамен 275 мил­лион нашақор адам бар. Есірт­кі жыл сайын 500 мыңнан астам адам­ның өліміне себепші болып отыр.
19 миллион халқы бар Қазақстан үшін есірткіге елітудің көрсеткіштері ұлттық қауіпсіздікке айтарлықтай қа­тер төндіреді.
«Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, елімізде 18,5 мыңнан астам нашақор тіркеуде тұр, оның ішінде 1,5 мыңы әйел, сондай-ақ 94 жасөспірім тізімге енген. Бірақ бұл нақты тіркеуде тұрғандардың саны, ал шын ахуалға келетін болсақ, нау­қас­тар саны бұдан бірнеше есеге асып кетеді», деді Ішкі істер министрлігі Есірт­кі қылмысына қарсы іс-қимыл де­партаментінің басқарма басшысы Бақытжан Әбдірахманов.Біздің елде «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы
5-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы енгізген.Көріп отқандарыңыздай есірткіге жол жоқ. Себебі заң бар, заңсыз әрекет еткен жағдай да жазаға міндетті түрде тартылады. Менің пайымдауымша, есірткісіз денсаулығыңыз таза, өміріңіздің мәні бар, отбасыңыз қасыңызда, тыныштықта демалу қандай бақыт! Заңсыз, зияды заттарға жолмаңыздар! Қандай жағдай болмасын ең бірінші отбасыңызды, анаңыз бен әкеңізді, бауырларыңызды ойлаңыз олар үшін сіз қымбатсыз. Есірткісіз біздің өміріміз тамаша екенін ұмытпайық!

Қызылорда облысы Шиелі ауданы
№244 Ы. Жақаев атындағы орта мектебінің
10 "ә" сынып оқушысы Тілеубай Мерей

#есірткігеқарсыбайқауы
#антинаркотическийконкурс
01 қараша 2022 ж. 408 0