Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыста сапалы ауызсумен қамту бағытында нәтижелі істер атқарылуда

Облыста сапалы ауызсумен қамту бағытында нәтижелі істер атқарылуда

2017 жыл қорытындысымен облыстағы 260 ауылдық елді мекеннің 195-і орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған, бұл ауылдық елді мекендердің 75 пайызын құрайды, ондағы тұрғындар саны облыстағы барлық елді мекендегі халықтың 95 пайызы.
«Нұрлы жол», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары шеңберінде 2017 жылы Ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджеттер есебінен 13,6 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 45 жоба жүзеге асырылып, 10 жобаның жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, Шиелі ауданының 4 елді мекенін ауызсумен қамтамасыз ету желілерін қайта жаңғырту және Шиелі ауданында магистралды су құбыры құрылысының жобалық құжаттамасы әзірленді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын сенімді басқаруға беру жоспарлануда. Ол үшін облыстық бюджет есебінен сенімді басқаруға беру бойынша концепция әзірленді. Конкурстық құжаттамалар және келісім жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
26 наурыз 2018 ж. 1 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930