Атқарылған жұмыстар еселі
Осы ретте өткен жылғы есеп беру кездесулерінде жергілікті биліктің халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпар бергенді жөн көрдік. Шиелі ауданы бойынша былтырғы жылы есепті кездесулерде көтеріліп, шешімін тапқан және кезегін күткен мәселелер төмендегідей болды. Көпшілік көкейіндегі мәселелердің бірі аудандағы К-1, К-3, К-4, К-9 және Телікөл қашыртқыларын қайта қазып, ызадан құтқару жұмыстары жүргізілсе деген ұсыныс болатын. «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының теңгеріміндегі аталған қашыртқылардың, яғни К-3 қашыртқысының 5,3 шақырымын тазалауға – 34,9 млн. теңге, К-4 қашыртқысының 8 шақырымын тазалауға – 11 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталған. Ал, өткен жылғы бюджеттен Шиелі-Телікөл қашыртқысының 4,2 шақырымын тазалауға – 24,3 млн. теңге бөлініп, тазалау жұмыстары жалғасуда. Және Майлытоғай ауылын аяқ сумен қамтамасыз етіп отырған «Бозарық» каналына су шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат әзірлеуге 2018 жылға облыстық бюджеттен 3,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Облыстық аймақтарды дамыту 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге аспақ бұл жобаның мерзімі 2018-2019 жылдар. Өткен жылы Сұлутөбе ауылындағы «Көксу» каналын тазалау жұмыстары жүргізілді.
Кенттегі шешімін күткен мәселенің бірі ескірген кәріз жүйелерін ауыстыру болып отыр. Осы және жаңадан канализациялық сорғы станциясын салуға 2013 жылы облыстық бюджеттен ЖСҚ әзірлеуге 73 млн. теңге бөлінді. Жоба-сметалық құжат бүгінгі күнге толық әзірленбеген. Болжамды құны 20 млрд. теңгені құраған жоба жүйесінің құрылысы күрделі болғандықтан ауқымды қаржыны қажет етеді. Аудан әкімдігі назарындағы бұл жұмыстардың шешілуі алдағы уақыттың еншісінде қалмақ.
Ауылдық жерлерде ауыз су мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Шиелі ауданындағы 8 елді мекенді (Алғабас, Алмалы, Бидайкөл, Телікөл, Бала би, Жөлек, Бәйгеқұм, Досбол би) «Жиделі топтық су құбырына» қосу жұмыстары 2013 жылы басталған болатын. Су ресурстары комитеті арқылы жүргізіліп жатқан бұл жұмыстардың жоба-сметалық құны 4,05 млрд. теңге. 2013-2016 жылдары барлығы 1,511 млрд. теңгесі игерілді. 2016 жылы Бидайкөл, Алғабас, Алмалы ауылдары, 2017 жылы Досбол би ауылының халқы ауыз су тасымалынан құтылды. Телікөл ауылындағы «сақалды құрылысқа» айналған су қоймасының жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып келеді. Есепті кездесулерде бірнеше рет еске салынған түйткіл осы айда оң шешімін табады деген уәде берілген-ді. Талаптан, Бәйгеқұм, Жөлек, Тартоғай, Сұлутөбе, 1 Мамыр және Бірлестік елді мекендерінің ауыз су мәселесін шешуге облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, су құбырларын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, Алмалы ауылы жанынан өтетін «Самара-Шымкент» автожолының 7 шақырымын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізіне қосу жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Аталған құрылыстың болжамдық құны – 150,0 млн. теңгені құрап отыр. Аудан әкімінің ауылдық елді мекен тұрғындарының алдында жасалған есепті кездесулерінде айтылғандай, Жаңатұрмыс ауылына жаңа мектеп ғимаратының құрылысын жүргізуге 2018 жылы аудандық бюджеттен 6,5 млн. теңге бөлінді.
Халық игілігі үшін жасалатын жұмыстар жалғасын таба беретіні белгілі. Билік атқарған жұмыстардың сыншысы – халық. Елдің ортасынан шыққан азаматтар әлеуметтің әлеуетін арттыруға айрықша атсалысқаны ләзім.
«Өскен өңір» ақпарат.