Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ортақшылда наубайхана ашылмақ

Ортақшылда наубайхана ашылмақ



Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылдық округінің әкімі Жақсылық Ноғайбаев 2017 жылғы атқарылған қорытынды есебін берді. 
Ортақшыл ауылдық округінде екі елді мекеннен тұрады. Ортақшыл ауылы, Қызылқайың елді мекені. Округ бойынша 270 отбасы, 1471 халық тұрады. 
Ауылда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021» бағдарламасы аясында бір азамат мал басын көбейтуге және бір жеке кәсіпкер наубайхана жұмысын кеңейту мақсатында ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 15 млн.500 мың теңге көлемінде несие алып жұмыс жасауда. Сонымен бірге, ауылдың бір тұрғыны 6 млн. теңге, бір азамат 1 млн. 500 мың теңге төмендетілген бағамен несие рәсімделсе, «Өрлеу» бағдарламасы аясында 2 отбасы қайтарымсыз бір реттік қаражатпен қамтылған.
Ауылда 25 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Десе де, ауылда жұмыссыз тіркелген адамдар санын түбегейлі жою мақсатында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы әлі де жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Есепті кездесуде Ортақшыл ауылының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. 
2017 жылы Ортақшыл елді мекенінде 36 млн. 950 мың теңге әкімшілік ғимараттары пайдалануға берілген. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Қызылқайың елді мекенінде жаңа медициналық бекет 9 млн. 400 мың теңге салынған.
19 қаңтар 2018 ж. 2 329 0