«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» жүзеге асыру бойынша
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясында аудандағы әлеуметтік-мәдени объектілерін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін және инженерлік-көлік инфрақұрылымдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының негізгі мақсаты:
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының негізгі мақсаты:
– жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу;
– қосымша жұмыс орындарын құру және кірісті қамтамасыз ету;
– елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай жасау.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Жол картасында мынадай жұмыс түрлері мен объектілер бойынша инфрақұрылымдық жобалардың тізімі ұсынылды.
– әлеуметтік-мәдениет объектілерін – білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу.
– инженерлік-көлік инфрақұрылымын (кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, қалқымалы көпірлер,су шаруашылығы объектілері және құрылыстары) күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу;
– елді мекендерді абаттандыру (аулаларды абаттандыру, көшелерді, балалардың ойын және спорт алаңқайларын жайластыру). Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:
– жаңа жұмыс орындарын құруды;
– инфрақұрылымдық жоба іске асыру кезінде ауданымызда жұмыссыздарға жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 50 % ұсынуды қамтамасыз етеді.
Аталған бағдарлама аясында Шиелі ауданы бойынша 21 жоба белгіленсе, оның 3-еуі облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері арқылы болып отыр (жалпы құны 3 002 072 мың теңге). Осы жобалар бойынша жаңадан құрылатын жұмыс орны – 752, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы – 378 адам .
Бүгінгі күнге 21 жобаның ішінен жоба жеңімпаздары анықталған 18 жоба бойынша тиісті мәліметтер «Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы» ақпараттық жүйесіне орналастырылып, 378 жұмыс орны енгізілді. (жұмысы басталмаған жобалар: 1)Шиелі кентіндегі аллеяны абаттандыру, 2) Байсын ауылына газ тарату желілерінің құрылысы, 3) Сырдария өзеніндегі қалқымалы көпірді күрделі жөндеу;)
Келісімшарттары қазынашылық органында тіркеліп, жұмысын бастаған 18 жоба бойынша мамандықтар бөлінісінде жалпы 335 жаңа жұмыс орындары құрылса, оның 191-і халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданып, қазіргі уақытта жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, жүзеге асырылатын жобаларға сәйкес құрылатын жұмыс орындарының саны 50-ден асатын 5 жоба бар.
Осы жобалардың бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен мердігерлеріне Рекруттік мобильдік пункттер құру жөніндегі тапсырма беріліп, қазіргі уақытта 3 жоба бойынша (Шиелі ауданындағы «Самара-Шымкент-Тартоғай» автомобиль жолының 7,4 шақырымын орташа жөндеу және Шиелі ауданы Жиделіарық елді мекенінде 150 орындық ауыл клубын салу, Төңкеріс ауылындағы №158 орта мектепті ағымдағы жөндеу) Рекруттік мобильдік пункт іске қосылды.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде жол картасы аясында ауданда бірқатар жұмыстар жүргізіліп, ауданның көркейуіне септігін тигізетін болады деп сенеміз. Сонымен қатар, жоғарыда аталған кент және ауылдар бойынша жүргізілетін жұмыстарға жұмыссыз азаматтар болса халықты жұмыспен қамту орталығынажүгінулеріне болады.
Қосымша сұрақтар бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы 4-32-36, 4-45-08 байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.