Құрылыс қарқынын пайымдаған пресс-тур
Жыл басында жоспарға еніп, хаттамаға хатталған құрылыс нысандары жетерлік. Көркіне таңданып ақын біткен жырға қосқан Шиелінің шырайын кіргізетін бұл жұмыстардың жүйелі жүргізілуі де назардан тыс қалмайды. Өткен сенбі күні облыстан келген бұқаралық ақпарат құралының өкілдері өңірдің тыныс тіршілігімен танысып, Аудандағы бірқатар нысандардағы құрылыс жөндеу жұмыстарын көріп қайтты.
Күн ұясынан көтерілген сәтте кентке табан тіреген журналистер алғашқы бағытты «№1 Аққайың бөбекжай-бақша» КМҚК ғимаратына қарай бұрды. Күрделі жөндеуді қажет ететін нысан аудандық білім бөлімі арқылы мердігер «Сапақ» ӨК-мен келісімшарт жасасқан. Бөбекжай-бақшаның күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті жаңа 28 жұмыс орны бар. Бүгінгі таңда жұмыссыздықты жою мақсатында жұмыспен қамту орталығы арқылы 14 азаматты жұмысқа тартып отыр. Ең әуелі табысы төмен отбасы мүшелері мен еңбекке жарамды ІІІ топ мүгедектерін жұмыспен қамтуға тырысамыз дейді мамандар. Шиелі ауданында ұйымдастырылған пресс-турдың да негізгі мақсаты «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу болатын. Жалпы аудан бойынша «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында 21 жоба белгіленген. Оның ішінде 3 жоба облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері арқылы жүзеге асады. Осы жобалар бойынша жаңадан құрылатын жұмыс орны 751, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 378 адам екі қолға бір күрек табады.

Бүгінгі күнге аудан көлеміндегі 21 жобаның ішінен мемлекеттік сатып алу конкурсымен жеңімпаздары анықталған 18 жоба бойынша жұмыс беруші мердігерлердің деректері «Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы» ақпараттық жүйесіне орналастырылған. Сонымен қатар жүзеге асырылатын жобаларға сәйкес құрылатын жұмыс орнының саны 50-ден асатын 5 жоба бар. Осы жобалардың бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен мердігерлеріне тапсырма беріліп, қазіргі уақытта 2 жоба бойынша Шиелі ауданындағы «Самара-Шымкент-Тартоғай» автомобиль жолының 7,4 шақырымын орташа жөндеу және Шиелі ауданы Жиделіарық елдімекенінде 150 орындық ауыл клубын салу рекруттік мобильдік пункт іске қосылды.
Балабақша бүлдіршіндердің зейінін ашатын алғашқы орын болса, 11 жыл бойына азық жинайтын білім ордасының жайы бір бөлек. Әлемдік пандемияның салдарынан қашықтан білім беру жүйесіне көшкен мұғалімдер мен оқушылар мектеп қабырғасына бармастан бір жылын аяқтады. Алайда, жаңа оқу жылында партаға отырып білім алудың сәті туады ма, ол да белгісіз. Ал осындай мезетте күрделі жөндеуді қажет ететін ескі мектеп ғимараттарын жөндеуден өткізудің сәті түсіп тұр. Биылғы жылы жоспарға ілінген Шиелі кентіндегі №48 А.Қоңыратбаев атындағы мектеп лицейінің құрылыс жұмысы да қарқынды. Жас буынның бұғанасы бекитін мектеп ғимаратының да берік болғаны керек. Құрылыс жұмыстары басталып, қызу іске кіріскен жұмысшылардың қарқынын байқап, санға емес сапаға көңіл бөлген журналистер қауымы біршама нысанды аралап шықты.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ