Жұмыспен қамтыған жәрмеңке
Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде Тұрғындарды нәтижелі жұмыспен қамту, жұмыссыздарға ақпарат беру арқылы жұмысқа орналасуына көмек беру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болып өтті.
Соңғы жылдары аудан экономикасында орасан зор өзгерістер орын алып, еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Сонымен қатар, жұмыспен қамтылған халықтың тұрақты өсуі де байқалады. Жұмыс іздеген жандар мен жұмыс берушілердің кездескен жиынында аудан әкімі Ә.Оразбекұлы, орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты. Аудан басшысы сөз сөйлеп, қазіргі уақытта жұмыс талғамай, нарық талабына сай әрекет ету керектігін айтты. Ал, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Халықты жұмыспен қамту» бөлімінің басшысы Жанар Дәулетбаева жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасып кетуіне сәттілік тіледі. Сол жерде аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары жиылғандарға жұмыстардың талабын түсіндірді. Қос тарап бетпе-бет кездесіп, өздерінің ыңғайына келетін жұмыстарды таңдады.
Жәрмеңкеде жалпы, 8 мекеме өкілдері жұмыссыздармен сұқбаттасып, 50 ден астам бос орын ұсынылды. Көпшілігі, әр түрлі пән мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілік қызметтері. Бұл күні жәрмеңкеге жұмыс іздеген 100-ге жуық азамат қатысып, жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін сұқбат құрды. Соның ішінде 40 азамат тұрақты жұмысқа орналасса, 5 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Десек те, жұмысқа орналасқан мамандармен қатар ауданда тапшы мамандықтар да жетерлік. Атап айтатын болсақ, анестезиолог, балалар хирургі, қан құрамына сараптама жүргізетін дәрігер, сондай-ақ, білім саласынан математика, физика, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері аудандағы мектептерге қажет.
Жәрмеңке барысында қажетті жұмыс орындарын таңдау, жастар тәжірибесінен өту, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға қатысу шаралары қамтылды. Сондай-ақ, өз кәсібін ашамын деген азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін несие бойынша ақпараттандырып, аз қамтылған отбасыға берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы кеңестер берілді.
Жұлдызай Ноғайбайқызы.