«БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ» ЖӘРМЕҢКЕСІ
Бүгінгі күні Шиелі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілуде.
Соңғы жылдары аудан экономикасында орасан зор өзгерістер орын алуда, атап айтқанда еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі және жұмыспен қамтылған халықтың тұрақты өсуі байқалады.
Жәрмеңке өткізудің мақсаты - жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына, сұхбаттасып жүздесулеріне ықпал жасау.
Бүгінгі шараға аудан әкімі, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің қызметкерлері, жұмыспен қамту орталығының мамандары, өңірлік кәсіпкерлердік қолдау палатасының мамандары және аудан көлеміндегі меншік түріне қарамастан барлық жұмыс беруші мекемелер, мен жастарды қолдау орталығының өкілдері қатысуда. Жәрмеңкеге аудан көлеміндегі 8 мекемеден 50 бос жұмыс орындары бойынша сұраныстар келіп түсіп, сұраныс берген мекемелердің басшылары мен кадр мамандары қатысты.
Жәрмеңкеде бос жұмыс орындарымен қатар жұмысқа орналасу және мемлекеттік қолдау шараларына қатсу бағытында көптеген консультациялар беріледі. Бұл шараны жұмыссыздар мен жұмыс берушілер арасындағы алтын көпір деуге болады. Мұндай шаралардың жемісін көріп, жұмыс тапқан, мамандық алған адамдар да көп. Мәселен, жыл басынан осындай жәрмеңке 11 рет өткізіліп,
161 жұмыс берушілер қатысып, 486 бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде 360 адам тұрақты жұмыстарға орналасса, 72 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға және 54 азамат жастар тәжірибесіне жолданды. Сонымен қатар, жәрмеңке барысында қажетті жұмыс орындарын таңдау, жастар тәжірибесінен өту, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға қатысу, өз кәсібін ашуда мемлекет тарапынан берілетін несие бойынша, аз қамтылған отбасыға берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы кеңестер берілді