Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ

ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ



Аудандық мәдениет үйінде 2018 жылдың 12 сәуір күні аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында Солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныстандыруға байланысты жәрмеңке өтті.
Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Ысмағұлов Болат Әбдулхайысұлы ашты.
Жәрмеңкеде Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының жұмыс берушілер делегациясы 2 722 бос жұмыс орындарын ұсынды.
Сонымен қатар аудандық 13 жұмыс беруші мекемелер 31 бос жұмыс орындарын ұсынды. Оның ішінде «Волковгеология» АҚ филиалы №23 ГБЭ - тракторшы, «Уранқуат» ЖШС – электромонтер 4-санатты, «Думан-Шиелі» ЖШС – слесарь-сантехник, «Гигант а/о әкімінің аппараты» КММ – автокөлік жүргізушісі, Жеке бала бақша яслиі-«Аяулым» ЖШС – тәрбиеші көмекшісі, «Абылай» балабақша-яслиі ЖШС - тәрбиеші көмекшісі бос жұмыс орындарына Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы жолдамалар берді.
Ал, Гигант ауылында орналасқан «Асылхан» шаруа қожалығына «Инженер-технолог», «Технолог» және Майлытоғай ауылында орналасқан №141 Қ.Сәбиров атындағы орта мектебі КММ-не «Инженер-жүйетехник», №252 Г.Н.Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясы КММ-не орыс сыныбына «Математика пәнінің мұғалімі» бос жұмыс орындарына үміткерлер табылмады.
Жәрмеңкеге 137 аудан тұрғыны қатысып, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысына 8 (сегіз) азамат, Павлодар облысына 6 (алты) азамат және Қостанай облысына 4 (төрт) азамат қоныс аударуға ниеттерін білдірді.
Қоныс аударуға ниетті жұмыссыз азаматтарға аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ФБ ПАРАҚШАСЫНАН.
13 сәуір 2018 ж. 3 076 0