Өңіраралық бос жұмыс орындары ЖӘРМЕҢКЕСІ
Өңіраралық бос жұмыс орындары
ЖӘРМЕҢКЕСІ
«Бидайкөл» ауылдық мәдениет үйінде 2018 жылдың 12 қазан күні Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының III бағыты аясында ерікті түрде қоныстандыруға байланысты Шығыс Қазақстан облысы және Павлодар облысынан келген делегация мүшелерінің қатысуымен жәрмеңке өтті.
Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Ысмағұлов Болат Әбдулхайысұлы ашып, жүргізіп отырды.
Жәрмеңкеде Шығыс Қазақстан облысының жұмыс берушілер делегациясы 1865 бос жұмыс орындарын, Павлодар облысының жұмыс берушілер делегациясы 743 бос жұмыс орындарын ұсынды.
Қоныстандыру кезеңінде бірінші кезекте отбасындағы жұмысқа жарамды азаматтар жұмыспен қамтылады және қатысушыларға мемлекеттік қолдау әрбір отбасы мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде яғни, 84 175 теңге көлемінде бір рет және тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беріледі.
Ағымдағы жылдың сәуір айында өткен жәрмеңкеде қоныс аударуға ниет білдірген Алғабас ауылының тұрғыны Сүлейменов Мейіржан отбасымен Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының Мұздыбай елді мекеніне ерікті түрде қоныс аударып «Мұздыбай-1» шаруа қожалығына механизатор болып жұмысқа орналасты. Бұл отбасыға осы шаруа қожалық теңгеріміндегі жаңадан соғылған 4 (төрт) бөлмелі үй жалға берілді.
Сонымен қатар Шиелі кентінің тұрғыны Әлімбетова Күлаш отбасымен Қостанай облысы, Қарабалық ауданының Славян ауылдық округіне қоныс аударып, ауылдық мектепке химия-биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастырылып, мемлекеттік берілетін субсидияға жеке меншігіне тұрғын үй сатып алу үшін үй қарастыруда.
Бүгінгі жәрмеңкеге 179 аудан тұрғыны қатысып, оның ішінде 21 азамат қоныс аударуға ниеттерін білдірді.
Қоныс аударуға ниетті азаматтарға аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.