Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСА БЕРМЕК

ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСА БЕРМЕК

   БАҚ өкілдерінің алдына шыққан аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Марат Шоханов өткен тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады.
М.Шохановтың айтуынша, жыл басынан халықты жұмыспен қамту орталығына 1645 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Жұмыс іздеуші азаматтардың 700-і, яғни 42,6 пайызы жұмысқа орналасқан. Оның ішінде жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған мүгедектер саны-37 екен.

   Жыл басынан 6 рет «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізіліп, 72 жұмыс берушілер қатысып, 146 бос жұмыс орындарын ұсынылыпты. Нәтижесінде 127 адам тұрақты жұмыстарға, 14 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға және 5 азамат жастар тәжірибесіне орналастырылған.
   Биыл 1005 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, барлығы 848 жаңа жұмыс орны құрылды. Жылдық жоспар 84,4 пайызға орындалыпты. Сонымен қатар, бөлім басшысы М.Шоханов «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының үш бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегі мен мүгедектерді оңалту, әлеуметтік қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды сөз барысында шалып өтті.
    Бейресми жұмыспен қамтылған халықтың қызметін заңдастыру бағытында туындап жатқан қиындықтарды да жасырмады.
«Өскен өңір» ақпарат.
21 шілде 2018 ж. 1 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930