Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбекке жол ашқан жәрмеңке

Еңбекке жол ашқан жәрмеңке

Шиелі ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, жұмыспен қамтуға үлес қосқан мекемелер мен кәсіпорындар марапатталды.
Жәрмеңкеде аудан аумағындағы мекемелер мен кәсіпорындардың бос жұмыс орындары ұсынылып, азаматтарға жұмысқа орналасу, жастар тәжірибесінен өту, әлеуметтік жұмыс орындары мен ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысу мүмкіндіктері жөнінде кеңестер берілді. Іс-шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Арман Асылбекұлы сөз сөйлеп, халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстардың маңызына тоқталды.
Ауданда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп келеді. Оның нәтижесі де көңіл қуантады. Жыл басынан бері осындай 9 жәрмеңке ұйымдастырылып, 115 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар 125 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып, 65 азамат жастар тәжірибесіне жолданған. Бұл көрсеткіштер тұрғындарды жұмыспен қамтуда мұндай шаралардың маңызы зор екенін аңғартады.
Жәрмеңке аясында жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және жаңа жұмыс орындарын ұсынуға үлес қосқан бірқатар мекеме мен кәсіпкерлік субъектілерін марапаттау рәсімі де өтті. Олардың қатарында Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасы, «Гежуба Шиелі цемент компаниясы» ЖШС, «Волковгеология» АҚ-ның №23 геологиялық барлау экспедициясы, «КНК Кемикал» ЖШС Қызылорда филиалы, Шиелі ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, «СтЭМП-Б.С» ЖШС және «Ақмая», «Жолдасов», «Бидайкөл», «Мырзаева», «Табысты» шаруа қожалықтары бар.
Сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жұмыспен қамту саласындағы жаңалықтарды баспасөз бетінде жариялап, өңір тынысын оқырманға жеткізіп жүрген «Кызылординские вести» газетінің оңтүстік аудандардағы меншікті тілшісі Мақсұт Ибрашев та марапатталды.
Жалпы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді байланыстыратын тиімді алаң. Мұндай шаралар азаматтардың еңбек нарығына бейімделуіне, тұрақты табыс көзіне қол жеткізуіне және аудан экономикасының дамуына оң ықпал етеді. Ең бастысы, әрбір тұрғынның еңбек етуіне мүмкіндік жасау – қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын нығайтудың маңызды тетігі.

М.Кеңесұлы,
сурет автордікі
19 қазан 2026 ж. 44 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9446).

17 қазан 2026 ж.

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031