Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда бос жұмыс орын жәрмеңкесі өтті

Алматыда бос жұмыс орын жәрмеңкесі өтті


Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Оқушылар сарайында өткен шараға 50-ден астам жұмыс берушілер қатысып, 400-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылған. Олардың ішінде дәрігер, мейірбике, мұғалім, бухгалтер, заңгер, аспаз, наубайшы, жүргізуші, слесарь және тағы басқа мамандықтар бар. 
Жәрмеңке барысында «Жұмыспен қамту орталығының» мамандары мемлекет тарапынан нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында жасалып жатқан шаралар жөнінде айтып, қызықтырған сұрақтар бойынша кеңестер берді.

Жұмыс іздеушілер үшін іс-шараның маңыздылығы мен артықшылығы бар. Мұнда көптеген жұмыс беруші бір жерде топталған, жұмыс берушімен тікелей байланыс орнатуға, жұмыс берушімен алдын ала сұқбаттасуға, жұмыс іздеуге кететін уақытты үнемдеуге, қала бойынша мекемелерді аралауға кететін уақытты үнемдеуге, жұмыспен қамту орталығының бос жұмыс орындары туралы толық мәліметтерімен танысып, мамандардың кеңесін алуға болады», - делінген хабарламада.

 
28 шілде 2019 ж. 877 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930