ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ПАЛУАН
14 қазан күні Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінде «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ПАЛУАН» атты тарихи-танымдық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл шараны «МУЗЕЙ TOUR: экспонаттар экспедициясы» кешенді жобасы аясында «Руханият орталығы» «Қажымұқан атындағы Түркістан облыстық спорт музейімен» бірлесіп ұйымдастырды.Қазақ халқының даңқты перзенті, әлемге әйгілі палуан, ұлттық спорттың дара тұлғасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі мен өнегесін ұлықтауға арналған «Әлем таныған палуан» атты тағылымды шараны еліміздің өзге өңірлерінен келген қонақтар да тамашалады.
Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Арман Асылбекұлы ашып, қазақ тарихында елдің рухын асқақтатып, ұлттың абыройын әлемге танытқан дара тұлғалар аз еместігін және Қажымұқан Мұңайтпасұлының орны ерекше екеніне тоқталды. Оңтүстік қонақтарға аудан әкімінің шынайы алғысын білдіріп, сый-сыйяпатын табыстады.
Сонымен қатар «ӘДІЛЕТ» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрайымы Жібек Баймұратова да алғысын білдіріп, ақжарма тілегін арнады.
Шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәдениет және музей саласының қызметкерлері, спорт жанашырлары, Қажымұқан мұрасын құрметтеушілер мен аудан тұрғындары қатысты.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, қатысушыларға Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолы мен спорттағы тарихи орны туралы тағылымды мағлұматтар берілді.
Сонымен қатар Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия бөлімінің меңгерушісі Эльзира Сағитжанова құттықтау сөз сөйлеп, осындай тағылымды шаралардың тарихи тұлғалардың мұрасын жас ұрпаққа жеткізудегі маңызына тоқталды. Көшпелі көрменің ашылуында Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінің ғылыми қызметкері Ержан Құрмантай сөз сөйлеп, ұлы палуанның өмірі мен спорттағы жетістіктері, қазақ спортының қалыптасуындағы тарихи орны туралы ой бөлісті.
Алып тұлға – ұлт мақтанышы
Шараның мазмұнды бөлімдерінің бірі – «Қажымұқан – қазақ рухының алып тұлғасы» тақырыбындағы тағылымды кездесу болды. Бұл бөлімде Қажымұқан Мұңайтпасұлының тарихи тұлғасы, оның қазақ халқының рухы мен намысын әлемге танытудағы орны туралы сөз болды. Шиелі ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері, аудан ақсақалы Сейілбек Аманжолов, қауымдастық өкілдері, зейнеткерлер, еңбек ардагерлері Баймбет Оспанұлы мен Иманшапи Әмреханұлы кезекпен сөз сөйлеп, ұлы палуанның ел тарихындағы орнына тоқталды. Жиында Қажымұқанның алып күш иесі ғана емес, туған халқының абыройын жоғары қойған, ел намысын арқалаған дара тұлға екені айтылды.

Тарихи жәдігерлер – өткеннің шежіресі
Шараның басты ерекшелігі – Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінің көшпелі көрмесінің Шиелі жұртшылығына ұсынылуы болды. Көрме барысында көрермендерге Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолына қатысты құнды жәдігерлер, тарихи фотосуреттер, архивтік құжаттар, жеке заттары мен түрлі материалдар таныстырылды.

Экскурсияда ұлы палуанның әлемдік аренадағы жеңістері мен халықаралық жарыстардағы жетістіктері, қазақ күресі мен ұлттық спорт тарихындағы орны, елге сіңірген еңбегі туралы кеңінен баяндалды.
Көшпелі көрмені Түркістан облыстық Қажымұқан атындағы спорт музейінің экскурсоводы Фарида Бимаханбетова жүргізді. Көрмені тамашалағандар үшін бұл – тарихи тұлғаның өмірін кітаптан оқып қана қоймай, оның дәуіріне қатысты жәдігерлер мен құжаттарды көзбен көріп, ұлы палуанның өнегелі өмір жолына жақындай түсуге мүмкіндік берген ерекше мәдени шара болды.
Ұлттық өнер ұлықталды
Тағылымды шара ұлттық өнермен де сабақтасты. Шара барысында Қазақстанға белгілі күйші-композитор, «Мәдениет саласының үздігі», «Үздік фольклорлық музыка» номинацияларының иегері Әділбек Тәшімов өнер көрсетіп, көрермендерге күйлерінен шашу шашты.

Күй өнерінің әсем әуені мен Қажымұқанның рухын дәріптеген тағылымды әңгімелер шараның мазмұнын одан әрі аша түсті.
Ұрпаққа аманат
Шара соңында қонақтар аудандық тарихи-өлкетану музейінің «Құрмет кітабына» өздерінің ізгі тілектері мен жүрекжарды лебіздерін қалдырды.
Шара соңында қонақтар аудандық тарихи-өлкетану музейінің «Құрмет кітабына» өздерінің ізгі тілектері мен жүрекжарды лебіздерін қалдырды.
Қажымұқан Мұңайтпасұлының ғибратты ғұмыры – халқымыздың тарихындағы өшпес із. Ол өзінің теңдессіз күшімен ғана емес, қайсар мінезімен, еңбекқорлығымен, отаншылдығымен және ел намысын биік ұстаған азаматтық болмысымен ұрпаққа үлгі болды.
«Әлем таныған палуан» атты шара – алып тұлғаның есімін ұлықтап қана қоймай, ұлттық спорттың тарихын, қазақтың рухани құндылықтарын кейінгі буынға жеткізудің маңызды бір көрінісі болды. Қажымұқанның есімі – ел жадында. Оның ерлігі – ұрпаққа өнеге. Ал оның рухы – қазақтың қайсар рухымен бірге жасай бермек.
Б.Шығанбаев,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры
аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры