Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақтағы өзекті мәселелер талқыланды

Аймақтағы өзекті мәселелер талқыланды


Сурет: Облыс әкімдігі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аймақтағы өзекті мәселелер талқыланған мәжіліс өтті.

Жиында өңірдегі құрылыс нысандарының уақытылы пайдалануға берілуі, коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуі және жылу беру маусымының кедергісіз өту мәселелері қаралды.»Күз айларында ауа райы жайлы болғанымен, қыстың суығы әлі алда. Сондықтан құрылыс алаңдарындағы жұмыстар дер кезінде аяқталуы тиіс. Коммуналдық қызметтер де сақадай сай болуы керек»,- деді аймақ басшысы.

Мәжілісте жауапты сала басшылары хабарлама жасап, атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Облыс әкімі халықтың жайлы тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтердің жұмысын жүйелі ұйымдастыру қажеттігін атап өтіп, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
28 қараша 2023 ж. 295 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (9319)

14 шілде 2025 ж.

№51 (9318)

12 шілде 2025 ж.

№50 (9317)

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031