Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҒАНЫ НЕГІЗСІЗ ӨСІРУГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

БАҒАНЫ НЕГІЗСІЗ ӨСІРУГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ


Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен тауарлар мен қызмет бағалары бойынша мәжіліс өтті.

Аймақ басшысы жанар-жағармай бағасының өсуіне байланысты құрылыс материалдары мен тасымалдау қызметтерінің құнын жоғарылатқан кәсіпорындармен жұмыс жүргізілетінін жеткізді. Бағаның өсуі тапсырыс берушілердің жоспарлаған жұмысын мерзімінде, сапалы аяқтауына кері әсер етеді. Оның ішінде, республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының құрылысы басталып, құрылысқа қажетті инертті материалдарға сұраныс артты. Облыс әкімі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында тұрған бұл нысандағы жұмыс қарқынына ерекше назар аударылатынын айтты. Жиында мердігер компаниялар мен жауапты мекеме басшылары хабарлама жасап, өз пікірлерін білдірді. Нәтижесінде кәсіпкерлер көтерген мәселелер оң шешімін тауып, тиісті жұмыстарды өз деңгейінде жүргізу бойынша бірлескен нақты шаралар қабылданды.

Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі мердігерлер әрекетінің заңдылығы тексеріліп, бағаның негізсіз өсуіне жол берілмейтінін қатаң ескертті.
02 мамыр 2023 ж. 435 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 109

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031