Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨПТЕН КҮТКЕН КҮРЕ ЖОЛ ЖАҢҒЫРУДА

КӨПТЕН КҮТКЕН КҮРЕ ЖОЛ ЖАҢҒЫРУДА

«Қызылорда-Жезқазған» автокөлік жолы ұзақ жылдан бері түйінді тақырыпқа айналған мәселе еді. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде өткен жылдан бастап нақты жұмыс қолға алынды. Күре жол бойындағы іс-әрекетке қозғау түсті.
2025 жылға дейін толықтай пайдалануға беру жоспарланып отырған жоба бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыс барысы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды.
Жолдың жаңғыртылуы тек жолаушылар қатынасын ғана реттеп қоймай, облыстың әлеуметтік-экономикалық
дамуына оң әсер етпек. Аймақ басшысы сөз басында Сыр өңірін елорда және көршілес облыстармен жалғайтын жолды қалпына келтіру жұмыстары ел Президентінің тікелей бақылауында екенін айтты.
– Өткен аптада өңірге келген ҚР Үкіметі Аппараты басшысының бірінші орынбасары Ғабит Сыздықбеков «Қызылорда-Жезқазған» автожолы құрылысының барысымен танысты. Аралау кезінде жобаға байланысты бірқатар өзекті мәселелер бар екендігі анықталды. Ендігі кезекте біз сол туындаған мәселелерді дер кезінде шешіп, құрылыс жұмыстарын сапалы және уақытылы жүргізілуін қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл – Мемлекет басшысы, Үкімет тарапынан тікелей бақылауда тұрған жобалардың бірі.
Тұрғындар тарапынан көптеген жылдар бойы көтеріліп жатқан мәселенің шешімін табуы Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін беретіні сөзсіз, – деді облыс әкімі.
Мәжілісте «ҚазАвтоЖол» облыстық филиалының директоры Ерұлан Жүнісов құрылыс жұмыстарының барысын баяндады.
Облыс әкімі осы құрылысқа қажетті материалдарды Қызылорда қаласының жолдарымен, Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі көпір арқылы тасымалдау кезінде жергілікті жолдардың бұзылатынын ескертті. Сондықтан мердігер мекемелермен жолдарды қалпына келтіру жөнінде алдын ала келісімдер жасау қажеттігін баса айтты.
Жиын қорытындысында аймақ басшысы «ҚазАвтоЖол» облыстық филиалына «Қызылорда-Жезқазған» автожолының құрылысын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды қамтамасыз етуді, жұмыс сапасын Жол активтері Ұлттық сапа орталығымен бірлесіп қадағалауды тапсырды. Мұнан бөлек, мекемеге қажетті материалдардың жеткілікті көлемде жеткізілуі жөнінде тапсырма берілді.

«Өскен өңір» ақпарат
23 ақпан 2023 ж. 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031