КЕЛЕЛІ ЖИЫН
Бейсенбі күні аудан әкімінің төрағалығымен аппарат мәжіліс өтті. Жиын алдында осы уақытқа дейін аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарған Дәуренбек Нұрбайұлының басқа қызметке ауысуына байланысты, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметіне Жұмаділ Маратжан тағайындалып мәжіліс қатысушыларына таныстырылды.
Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде «Аудандық бюджеттің игерімі және тоғыз айдың болжамы», «Орындаушылық тәртіп мәселесі» және «Санитарлық тазалық жұмыстарының жағдайы» мәселелері қойылды. Алғашқы мәселе бойынша, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы Маратжан Асқарбекұлы баяндама жасады. Аудан әкімі республикалық және облыстық, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттардың сапалы әрі мерзімінде 100 пайызға игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, Нұржан Сәбитұлы ауылдық округ әкімдеріне IV деңгейлі бюджеттен түсетін түсімдер межесін төмендетпей нақты көрсетуді, түсімдердің көлемін арттыру керектігін айтты. Келелі жиын бойынша, аудан әкімі аппаратының басшысы Азамат Мыңбаев баяндама жасап, хаттамалық тапсырмаларды уақытылы орындамаған ауылдық округ әкімдіктері мен бөлім басшыларын атап өтті. Өз кезегінде аудан әкімі барлық тапсырмалардың уақытылы, әрі сапалы орындалу қажет екенін, ауыл әкімдерінің демалыс күндері де елді-мекеннен табылып, халықпен тығыз байланысты болу керектігін қатаң ескертті.
Одан әрі Шиелі кентінің әкімі Аманкелді Шералыұлы күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша баяндама жасады. Кент көлемінде жүргізіліп жатқан санитарлық-тазалық жұмыстары бойынша ақпарат берді. Аудан әкімі бұл жұмыстарды әлі де күшейтіп, ретке келтірілмеген аумақтар көп екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, кент тұрғындарының тазалық мекемесімен келісім-шартқа отыру процесі баяу жүріп жатқандығын да баса айтты.
Бүгінде Шиелі кентінде бар болғаны 1500 абонент тазалық мекемесімен келісім-шартқа отырған. Тұрғындардың басым бөлігі келісім-шартқа отырмауы себепті, тазалық мекемесінің шығындары ақталмау қауіпі жоғары. Сондықтан, тұрмыстық қалдықтардың уақытылы тазартылмауы секілді мәселелер туындап жатады.
Ендеше, келелі жиында айтылған мәселелердің барлығы оңынан шешіледі деген ойдамыз.
Айнұр Ибрашева,
Сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТТІКІ
Сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТТІКІ