Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ҚАЙТА ЖАСАҚТАЛҒАН БӨЛІМДЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ҚАЙТА ЖАСАҚТАЛҒАН БӨЛІМДЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Нұржан Ахатовтың төрағалығымен өткен актив отырсында «Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» аудан әкімдігінің №117 қаулысына сәйкес біріктіріліп, қайта жасақталған бөлімдердің басшылары мен кадрлық өзгерістер таныстырылды.

Мәселен, аудан әкімінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы өкімдерімен: 1) Жаңадан құрылған "Аудандық экономика және қаржы бөлімінің" басшысы қызметіне Жакеев Дәуренбек Нұрбайұлы; 2) Аудандық "Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің" басшысы қызметіне Әшірбеков Мұрат Шайтмағанбетұлы; 3) "Aудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы" қызметіне Әзімхан Аруна Өркенқызы; 4) Атауы өзгерген аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметіне Баймұратова Жібек Орынбайқызы тағайындалды.

Мұнан бөлек, осы уақытқа дейін «Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының директоры қызметін атқарған Дулатов Молдабай Оразбекұлы облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 10 қаңтардағы шешімімен штаттық режимде аудандық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалды. Молдабай Дулатовқа аудан әкімі жаңа жауапты қызметте сәттілік тілеп, аудан әкімдігінің «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Жиында аудан әкімі 2022 жылғы сәуір айынан бастап «Шиелі аудандық білім бөлімі» КММ басшысы қызметін атқарған Қанат Алтынсарұлына алғыс білдіріп, Тартоғай ауылдық округіндегі №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейінің директоры жаңа қызметінде сәттілік тіледі, әрі алғыс хат табыстады.



Нұржан Сәбитұлы облыс әкімдігінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №705 қаулысының негізінде аудандардағы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімдері таратылып, облыстық басқармаға орталықтандырылуына байланысты, бөлімді осы уақытқа дейін басқарған Тобажанов Ғабит Рүстемұлына алғыс хат табыстап, қысқа уақыт аралығында атқарған ауқымды жұмысына ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ, актив отырысында «Қазпошта» АҚ Шиелі аудандық пошта торабының бастығы қызметіне Жүсіпов Шохан Жармаханұлы тағайындалды.

Жүсіпов Шохан Жармаханұлы 1974 жылғы 5 қарашада Шиелі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1995 жылы Қызылорда политехникалық техникумын бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы «ҚазАтомПром» АҚ №6 Кен басқармасында слесарь болып бастаған. 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы Шиелі аудандық пошта торабы бастығының орынбасары қызметін атқарып келді.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
31 қаңтар 2023 ж. 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031