Аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен жиын өтті
Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұловтың төрағалығымен жиын өтті. Жиында Шиелі аудандық статистика бөлімінің басшысы Алтынкүл Қожамжарова, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Дәуренбек Жакеев, аудандық тіркеу және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының жер кадастры бөлімінің басшысы Нұржан Әбітханов баяндама жасады.
«Электронды әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама беру» тақырыбында аудандық статистика бөлімінің басшысы Алтынкүл Қожамжарова, «Аудандық бюджетке түсетін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің базасын ұлғайтуға» байланысты аудан бюджетінің салық салу базасын ұлғайту» тақырыбында экономика және қаржы бөлімі басшысы Д. Жакеев, «Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры және Мекен жай тіркелімінің қазіргі жағдайы» тақырыбында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Шиелі ауданының бөлімінің басшысы Н.А. Әбітханов баяндап, күн тәртібіндегі тақырыптарға қатысты ойлар ортаға салынды.
Жиын соңында Болатбек Ысмағұлов талқыланған мәселелер мен кемшіліктерге жауапты кент пен ауылдық округ әкімдіктерінің мамандарына арнайы тапсырма беріп, туындаған мәселелерді шешуді міндеттеді.