Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ «ҮЛГІЛІ ЕЛДІ МЕКЕН» БАЙҚАУЫНЫҢ ШАРТТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ «ҮЛГІЛІ ЕЛДІ МЕКЕН» БАЙҚАУЫНЫҢ ШАРТТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ


Сәрсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте: 1) Бюджет қаржысының игерілуі, салық түсімдері және электронды цифралық қолтаңба; 2) 2023 жылға жоспарланған жаңа жұмыс орындарын бекіту; 3) «Үлгілі елді мекен» конкурсын өткізу сынды 3 мәселе қаралды.

Алғашқысы бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Дауренбек Нұрбайұлы хабарлама жасап, қаржыны уақытылы игеру, салық түсімдерінің толығымен қазынаға түсуін қамтамасыз ету бағытында қазірден бастап тиісті жұмыстар жүргізу керектігін айтты. Келесі мәселе бойынша сөз алған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайын ауданда жаңа жұмыс орындары ашылып жатқандығын және соған сәйкес бірнеше бағдарлама іск асырылып отырғандығын хабарлады.

АЙМАҚТА «ҮЛГІЛІ ЕЛДІ МЕКЕН» БАЙҚАУЫ БАСТАУ АЛАДЫ

Үшінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Аманжолов баяндама жасап, «Үлгілі елді мекен» конкурсының шарттары мен жүлде қорын таныстырды.

Мәселен, конкурс талаптарына сәйкес «Үлгілі аудан орталығы» номинациясы бойынша I орын алған кентке 1) қалдық тасымалдаушы «МАЗ» жүк көлігі; 2) Арнайы жол тазалағыш; 3) «КАМАЗ» көліктері; II орынға 1) Су шашатын көлік 2) Қалдық тасымалдаушы «МАЗ» жүк көлігі; Жол тазалағыш тракторы көліктері; III орынға 1) Ассенизатор машинасы; 2) жол тазалағыш трактор көлігі берілмек.

Ал, «Үлгілі ауыл» номинациясында жеңімпаз атанған ауылдық округтерге I орынға 1) жер қазушы трактор; 2) жүк тасымалдау көлігі; II орынға 1) Жер қазушы трактор 2) Тіркеме; III орынға тіркеме жүлде ретінде берілмек.

ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
03 ақпан 2023 ж. 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930