Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮШ ЖАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҮШ ЖАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Аудан әкімі Қ.Мүбараковтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссия отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде еңбек шарттарын «Электронды еңбек шарттарын есепке алу» ақпараттық жүйесіне тіркеу мәселесі, жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекет саясатына қатысуы, Ру-6 ЖШС-де жұмыскерлердің еңбек шарттарын «Электронды еңбек шарттарын есепке алу» ақпараттық жүйесіне тіркеу туралы мәселелер қаралды. Жұмыс берушілер мен кәсіподақ төрағалары, комиссия мүшелері бас қосқан жиында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы А.Алдабергенов, «Ру-6» ЖШС кеніш директоры Д.Мұхамеджанұлы, Шиелі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры хабарлама жасады.
Отырыс соңында комиссия төрағасы елді мекендегі жұмыс күшін пайдаланатын барлық кәсіпкерлер жұмыскерлердің еңбек шарттарын ақпараттық жүйеге тіркеу, барлық жұмыс беруші кәсіпорындар мен мекемелер азаматтарды жұмысқа қабылдау кезінде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүргізу қажет екенін айтып, тапсырмалар берді.

«Өскен өңір» ақпарат
05 сәуір 2021 ж. 737 0