Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 62 мың адам электрондық еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты

Биыл 62 мың адам электрондық еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты



Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында электрондық еңбек биржасының порталы арқылы 62,1 мың адам тұрақты жұмыс тапты. Ол халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандардың 51% құрайды, деп хабарлады Еңбек ресурстарын дамыту орталығы.
«Ердо» интернет-ресурстар департаментінің директоры Николай Брюхановтың айтуынша, цифрлы платформа іске қосылғалы бері халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы қамтылғандарды қоса есептегенде барлығы 545 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналасқан.

Электрондық еңбек биржасына 203 жұмыспен қамту орталығы, 143,1 мыңнан астам жұмыс беруші және 730,7 мың жұмыс іздеуші, 54 жеке жұмыспен қамту агенттігі, 7 интернет-сайт және 4 БАҚ қосылды.

"ЭЕБ аясында келесідей функциялар жүзеге асты: мәліметтерді тексеру және кіріспе формаларын автоматты түрде толтыру, «Бастау-Бизнес» жобасына қатысушыларды тіркеу және мониторинг, ТжКБ оқушылары мониторингі, халықты жұмыспен қамту саласындағы аутсорсинг қызметтері, медициналық ЖОО түлектерін онлайн режимінде жеке-жеке бөлу, жұмыс берушілердің онлайн режимінде есеп беруі, Egov.kz электронды үкіметінің Telegram-bot-на бос орындар және түйіндемені іздеу функциясы енгізілді", - делінген таратылған ақпаратта.

Пилоттық режимде еңбек шарттарын тіркеу және ақпаратты есепке алудың E-HR бірыңғай жүйесіне көшіру жобасы басталды.

«Біз порталдың мүмкіндіктерін кеңейтуді және оның қол жетімділігін арттыруды жалғастырамыз. Болашақта ЭЕБ базасына электронды еңбек келісім-шарттарын жасасу, жоспарланған жаппай босату және қызметкерлерге болжамды сұраныс туралы ақпарат беру, әлеуметтік және еңбек саласында виртуалды кеңесшісі, мемлекеттік қызметке қабылдаудың бизнес-үрдісін автоматтандыру сияқты функцияларды енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар, жұмыс берушілерге қызметтерді онлайн есеп беру бағытында кеңейту көзделіп отыр», - деді Николай Брюханов.

ЭЕБ қызметі жұмыссыз азаматтарды, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек шеңберінде әлеуметтік келісімшарттар бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруға бағытталған.
19 тамыз 2019 ж. 1 155 0