Электрондық еңбек биржасы ұтымды ма?
Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында ақпараттық-технологиялық шешімдерді цифрландыруды енгізу қажетіне сәйкес «Электрондық еңбек биржасы»(www.enbek.kz) қолға алынды. Шиелі ауданының еңбек нарығындағы электронды жұмысқа орналастырудың жаңа механизімінің жүзеге асу барысы туралы аудандық жұмыспен қамту орталығыныңдиректоры А.Алдаберген хабарлады. «Өскен өңір» сайтымен бірге болыңыз.
Электрондық еңбек биржасы (www.enbek.kz) – бүгінде жұмыс жасап жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының алғашқы іске асырылған жобасы. Бұл жұмыс іздеуге және персоналды іріктеу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін, жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай сандық алаң. Оның аясында азаматтарды жұмысқа орналастыру процесі электронды форматқа көшіріліп, жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындарының ірі базасы қалыптасқан.
Бүгінгі таңда Шиелі ауданы бойынша enbek.kz электронды еңбек биржасы порталына 172 жұмыс беруші мекеме тіркеліп, жұмыс іздеуші азаматтардан
849 түйіндеме жарияланып отыр. Сонымен қатар, Enbek.kz порталы арқылы жыл басынан 691 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.
Бұл жүйенің негізгі артықшылығы Жұмыс іздеушілер немесе лайықты жұмыс іздеп жүрген тұлғалар үйлерінде отырып-ақ немесе жұмыспен қамту орталығына келіп электрондық еңбек биржасына тіркеліп түйіндемелерін орналастыра алады. Және де бұл түйіндемелерді тек Шиелі ауданында ғана емес еліміздің кез-келген жұмыс берушілер көре алады. Яғни, ауданнан тысқары жоғары еңбекақысы бар жұмыстарға орналасу мүмкіндігі беріліп отыр.
Сонымен қатар, жұмыс беруші мекемелер халықты жұмыспен қамту орталығына міндетті түрде келмей-ақ бос жұмыс орындары жайлы ақпаратты порталға жариялай алады. Жұмыс беруші өзінің бос жұмыс орны туралы ақпаратты электрондық еңбек биржасында жеке кабинеті арқылы беріп, бар бос жұмыс орындар бойынша мәліметтерді ұсыну туралы міндетті заңнама қағидаттарының іске асырылуын жеңілдетеді.
Жұмыс беруші мекемелер жариялаған бос жұмыс орындарына порталға тіркелген жұмыс іздеушілерді іріктеп, өздерінің талаптарына сай келетін үміткерді таңдайды.
Бос орындар мен жұмыс іздеушілер туралы ақпарат күн сайын бүкіл Қазақстан бойынша әртүрлі дереккөздерден автоматты түрде жаңартылып отырады.
Enbek.kz сайтындағы барлық ақпараттар пайдаланушылардың орналасқан жеріне қарамастан тәулік бойы тегін беріледі.
Enbek.kz порталы төмендегіге мүмкіндік береді:
-бос орындар мен түйіндемелердің базасына онлайн-қолжетімділік алуға;
-жеке кабинетке тіркелуге және бос орындар мен түйіндемелер орналастыруға;
-таралымдарға және белгіленген өлшемдерге сәйкес (қызмет саласы, кәсіп, өңір), өзіңнің электронды мекенжайыңа немесе мессенджеріңе қайтадан жарияланған бос орындар мен түйіндеме порталына жазылуға;
-әңгімелесуде жауаптар мен шақыртулар режимін пайдалана отырып, жұмысқа қабылдауға немесе жұмысқа қабылдануға;
-Жұмыспен қамту орталықтарында ағымдағы бос жұмыс орындар туралы мәліметтерді онлайн режимінде ұсынуға;
-кәсіптік бағдарлауға тест өту және тест нәтижесіне сәйкес, бос орындар порталынан табуға;
-еңбек нарығының жағдайы туралы ақпарат алуға;
-түйіндеме жазу бойынша пайдалы кеңестер алуға, әңгімелесуге дайындалуға және т.б.
Шиелі аудандық жұмыспен қамту орталығы.