Шиеліде келелі мәселелер кеңінен талқыланды
Сейсенбі күні Шиелі аудан әкімдігінде VIII шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 3 сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков төрағалық етті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде 2023-2025 жылдарға арналған Шиелі кентінің бюджеті туралы баяндама жасалды.Оған қоса 2022 жылы атқарылған жұмыстарға есеп беріліп, 2023 жылға арналған жұмыс жоспары айтылды.
Бірінші мәселе бойынша «2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Д.Жәкеевтің және қосымша облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Т.Ильясовтың хабарламалары тыңдалды.
Сонымен қатар екінші және жиырма төртінші мәселелер аралығында кент пен ауылдық округі әкімдері «2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы» мәселелері талқыланды. Оның ішінде Шиелі кент әкімі мен ауылдық округ әкімдері баяндама жасады. Еске сала кеткен жөн, таяуда сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізіліпті. Сол жерде де бұл мәселелер лег-легімен тыңдалған. Соған сәйкес бұл 3 сессия қорытындысымен күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты ұсыныстар қолдау тауып, шешім жобалары бір ауыздан бекітілді.