СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
14 мамыр күні аудан әкімі Қамбарбек Мүбараковтың қатысуымен ҮІІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 7 сессиясы өтті. Сессияда күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.
Кезекті сессия отырысында, аудандық қаржы бөлімінің басшысы Қ.Рахманбердіұлы және Шиелі ауданы бюджетінің атқарылуы туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Жакеев 2016-2020 жылдарға арналған Шиелі ауданының даму бағдарламасы туралы, Шиелі кенті мен ауданға қарасты ауылдық округ әкімдері 2020 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп берді. Талаптан ауылдық округінің әкімі Амангелді Шералыұлының есебі тыңдалды, «Шиелі ауданындағы №267-303, 363, 364, 365 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау қорытындылары жайлы» аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы №35/4 шешіміне өзгерістер енгізілді, аудандық мәслихаттың келесі сессияның төрағасы сайланды.
Сессия соңында, аудан әкімі Қ.Мүбараков аудандық мәслихат депутаттарына 2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы көрсеткіштерін ақпараттандырып, халық қалаулыларының ұсыныс пікірлерін тыңдады.
«Өскен өңір» ақпарат