Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ТРАНСФОРМАТОРЛАР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ТРАНСФОРМАТОРЛАР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс 26 сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттары, барлық ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Жиында ең бірінші – «AMANAT» партиясы атынан сайланған аудандық мәслихат депутаты Ақсамал Рысбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды. Одан соң кент пен барлық ауылдық округтердің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі бойынша әкімдердің хабарламалары тыңдалды.
Алдағы 2 жыл көлемінде аудан бойынша көркейту-көгалдандыру, абаттандыру бағытына ерекше ден қойылмақ. Бұл бағытта жұмыс жоспары нақтыланып, қажетті қаржы да бекітілді. Мәселен, 2022-2024 жылдары кенттегі иесіз қатты қалдықтарды шығаруға бюджеттен 20 млн теңге қаржы бөлінбек. Ал кентті абаттандыру, көгалдандыруға бас-аяғы 221 млн 425 мың теңге қаржы жұмсалады. Оның ішінде колледж маңына аялдама салу, «Сасқұм» ҚТҚ полигонын қоршау, ойын және спорт алаңдарын салу, көп қабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру, орталық алаңды қайта жаңғырту, аллеяларды жөндеу жұмыстары бар.
Мұндай абаттандыру мен көгалдандыру науқаны ауылдық округтерде де үздіксіз жүргізілмек. Ең бастысы, барлық ауылға жаңадан трансформатор алынады. Себебі көпшілігінің тозығы жетіп, беймезгіл уақытта жарықтың өшуі жиілеген. Оның әрқайсысының құны – 2 млн 700 мың теңге тұрады.
Сессия отырысында қаралған негізгі түйткілдер легі осындай. Талқыланған мәселелер бойынша депутаттар өз ойларын ортаға салды.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
22 тамыз 2022 ж. 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30