Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БӨЛІМДЕР БІРІГІП, АТАУЫ АУЫСТЫ

БӨЛІМДЕР БІРІГІП, АТАУЫ АУЫСТЫ

Кеше аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс 23 сессиясы өтті. Жиында қаралған басты мәселе – өңірдің әкімшілік-аумақтық басқару схемасын бекітіп, сайлау комиссиясының құрамын толықтыру болды.
Алдымен алғашқы мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары А.Жандарбековтың әкімшілік-аумақтық басқаруға өзгеріс енгізу туралы баяндамасы тыңдалды. Нәтижесінде енді мәслихат шешіміне сәйкес ішкі саясат бөлімі – қоғамдық даму бөлімі деп атауын өзгертеді. Одан бөлек жиында аудандық мәдениет пен спорт бөлімдерін және ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімдерін біріктіру туралы шешім шығарылды.
Басқосудағы келесі мәселе – сайлау комиссиясының құрамын толықтыру бойынша мәслихат хатшысы Тұрмағанбет Жағыппаров сөз алды. Депутаттардың ашық дауыс беруі нәтижесінде аудандық сайлау комиссиясының мүшесі болып «Ұлт бірлігі» этнобағытталған қоғамдық бірлестігінің атынан Эльмира Бурабаева сайланды.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
06 маусым 2022 ж. 826 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031