Тұрғындардың электр энергиясына қарызы қордаланып қалған
Жұма күні аудан әкімдігінде аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімі, оның орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері мен барлық дербес бөлім басшылары, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Болат Сыздық пен аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағанбет Жағыпбаров қатысты.
Жиын барысында 2022-2023 жылғы жылу маусымына дайындық барысы және коммуналдық қарыздарды өндіру мәселесі көтеріліп, ТКШ бөлімінің басшысы Дана Аман баяндама жасады. Оның айтуынша, жылу беру маусымын өткеруге аудан бойынша 147 нысан дайын. Оның ішінде білім саласынан – 62, мәдениет пен спорт саласынан – 44, денсаулық саласынан – 41 мекеме даярлануда. 147 нысанның 23-і сұйық отынмен, 98-і қатты отынмен, 26-сы газбен жылытылады. Сондай-ақ, аудан тұрғындарына 20 мың тонна қатты отын қажет болса, бүгінгі күнге 12 мың тонна көмір әкелінген. Аудан бойынша қатты отын түсіретін темір жол тұйығының барлығында таразы орнатылған. Ал бөлім тарапынан көмір тасымалымен айналысушы кәсіпкермен көмір бағасын 15 мың теңгеден асырмау жөнінде меморандум жасалынған.

Жиында жылуы маусымынан бөлек тұрғындарының электр энергиясына деген қарызы туралы айтылды. Мәселен, жыл басынан бері аудан тұрғындары «Шиелі жарығы» мекемесіне 520 млн 874 мың 49 теңге берешек болған. Атап айтсақ, қарыздың басым көпшілігі Шиелі кенті мен Көкшоқы мөлтек ауданына және де Ш.Қодаманов, Ы.Жақаев, Бидайкөл, Бала би ауылдық округтеріне тиесілі. Аталған жайытты ескерген аудан әкімі ауылдық округ әкімдері мен кенттегілерге тиісті тапсырмалар беріп, мәселені шешуді тапсырды.
Р.ӘНӘПИЯ