Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылу беру жүйесінде іркіліс жоқ

Жылу беру жүйесінде іркіліс жоқ

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі бұл жылу беру мәселесі десек, ауданда аталған сала бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жылу маусымы басталғалы аудандағы 147 нысанның 23-і сұйық отынмен, 100-і қатты отынмен, 24-і газбен жылытылуда.  

Қазіргі таңда әлеуметтік сала бойынша қажетті 8739 тонна қатты отын толықтай жеткізіліп, оның 550 тоннасы қоймаларда сақталуда. Сонымен бірге жеке тұрғындардың да әлеуметтік жағдайы ескеріліп, көмір бағасын тұрақтандыру мақсатында Аудандағы көмір тасымалдаушы ірі мекемелер «ЖК Нұрмановпен» және ЖК «Жаңа таспен» көмір бағасын 15,0 мың теңгеден асырмау жөнінде меморандум жасалынған. «Аудандағы көмірге деген кезектің көптігіне қарамастан жетіспеушілік орын алып жатқан жоқ»,  деді аудан әкімі.

ӨСКЕН ӨҢІР АҚПАРАТ

26 қараша 2021 ж. 2 565 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031