Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН КӨМІР ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ БОЙЫНША АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ!

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН КӨМІР ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ БОЙЫНША АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ!


Қалаға қажетті қатты отын қоры жеткілікті Жылу беру маусымы кезеңінде Қызылорда қаласына шамамен 43,1 мың тонна қатты отын қажет етіледі. Қазіргі күні оның 36,4 мың тоннасы тұрғын үйлер және әлеуметтік нысандарға жеткізілді.
Қаладағы бірқатар тасымалдаушы мекемелер 2018 жылдың ақпан айына 5172 тоннаны құрайтын 75 вагон көмірге тапсырыс беріп, тапсырысқа сәйкес ақпан айының 10-на 2001 тоннаны құрайтын 29 вагон көмір жеткізіліп, тұрғындарға 15000-16000 теңге көлемінде таратылуда.
Бұған дейін өткен жылдың қазан айында139 вагон (9591 тонна), қараша айында 133 вагон (9177 тонна), желтоқсан айында 114 вагон (7866 тонна) көмір жеткізілсе, жыл басынан қаңтар айында 113 вагон (7797 тонна) көмір қала тұтынушыларына жеткізіліп, сатылды.
Жақын күндері, жеке кәсіпкер «РУСКОМ» 26 вагон (1794 тонна), «Мега Трейд Компани» ЖШС-не 6 вагон (414 тонна), «Олжас-2005» ЖШС-не 5 вагон (345 тонна) көмір әкелуі күтілуде.



Қазіргі таңда, қаладағы көмір сақтайтын қоймаларда «Қызылорда Отын» ЖШС-де 690 тонна, жеке кәсіпкер «РУСКОМда» 483 тонна көмір қоры бар. Сондықтан, қатты отын тұтынушы қала тұрғындары үшін көмір жетіспеушілігі бойынша алаңдауға негіз жоқ. Ал, қоймаларға көмір түсірілген кездегі көмір алуға кезектілік бойынша қалыптасатын қала тұрғындарымен жасалатын қолайсыздықтар көмір тапшылығын білдірудің негізі болып саналмайды. Себебі, қаладан көмір алуға кезекке тұратын жақын аудандар тұрғындары да кезектілік қауырттылығын тудырады.

Өңірліком Коммуникациялар Қызметі фейзбук парақшасынан
12 ақпан 2018 ж. 1 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930