Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңірді дамыту мәселесі талқыланды

Өңірді дамыту мәселесі талқыланды


Жуырда «Арман» мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен тыс XХV конференциясы өтті. Конференцияны партия филиалының төрағасы Ә.Оразбекұлы ашып, жүргізді. Өткен жиында алдыңғы қабылданған шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Шараға ауданның партия филиалы саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, партия ардагерлері мен белсенділері, аудандық бөлім мен мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Бірінші болып баяндама жасаған аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Әшім Оразбекұлы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, ауданда биыл да бірқатар әлеуметтік нысандар, жаңа жобалар ашылып, халық игілігіне жұмсалатынын жеткізді. Бұл Жолдау аудандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың одан әрі нәтижелілігін айқындайды. Әрі қарай партия ардагері Әшімхан Оспанов «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы. «Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі» туралы баяндама жасады. Одан әрі аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Маханбет «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылап, сараптама жасады. Алдағы атқарылар толағай жұмыстарды назарға салып, осы мақсаттардың жүйелі түрде жүзеге асырылатынын тілге тиек етті.

«Өскен өңір» ақпарат.
09 ақпан 2019 ж. 1 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930