Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАСТАУЫШ ҰЙЫМДА ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ

БАСТАУЫШ ҰЙЫМДА ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ

Кезектен тыс партияның ХХІІ съезінде партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықпен кері байланысты нығайту, халықтың уақытын үнемдеу, мәселелерді дер кезінде шешу үшін ірі бастауыш партия ұйымдарында да қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашуды тапсырған болатын. Осы мақсатта бүгін партияның Қызылорда қалалық филиалына қарасты ірілендірілген «Жарық» бастауыш партия ұйымында қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылып, партияның мобильді қоғамдық қабылдауы өз жұмысын бастады.
Қабылдау бөлмесінің алғашқы жұмысына Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген «AMANAT» партиясының републикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржанов, облыстық және қалалық партия филиалдарының Атқарушы хатшылары, облыстық, қалалық мәслихаттардағы депутаттық фракция мүшелері қатысып, алғашқы болып келген тұрғындар тілегін тыңдады.
Партияны жаңғырту жұмыстары аясында қолға алынған қабылдау бөлмелері 500-ден астам партия мүшелері бар тағы 4 бастауыш ұйым базасында ашылатын болады.
31 наурыз 2022 ж. 1 790 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031