Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Nur Otan» ПАРТИЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН турнир өткізілді.

«Nur Otan» ПАРТИЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН турнир өткізілді.

«Nur Otan» ПАРТИЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ партияның Шиелі аудандық филиалына қарасты БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ арасында ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН турнир өткізілді

Киелі мекен Шиелі ауданының тұрғындары әрдайым ата салтын ардақ тұтып, ұлттық құндылықтарды дәріптей білетін дара қасиетімен ерекшеленіп келеді.

Бұл сөздің тағы бір дәлелі ретінде - бүгін Шиелі ауданында «Nur Otan» партиясының 20 жылдығына орай партияның Шиелі аудандық филиалына қарасты Бастауыш партия ұйымдары арасында ұлттық спорт түрлерінен аудандық турнир өте жоғары дәрежеде өткізілді.

«БАСТАУЫШ ҰЙЫМ – ПАРТИЯ ТІРЕГІ» тақырыбында өткен турнирдің басты мақсаты - Бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жетілдіру, сонымен қатар ұлттық спортты дамыту арқылы партия мүшелері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ұлттық құндылықтарымызды жастар арасында насихаттау болатын.

Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы ұлттық спорт түрлерінен өткен турнирде барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шара барысында тоғызқұмалақ, қол күрес, асық ату, арқан тарту секілді ұлттық ойын түрлері ойнатылды.

17 команда бақ сынасып, сайыс кезінде команда мүшелері қызу дайындықпен келгендерін байқатты.

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН АУДАНДЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Партияның 20 жылдығына орай «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты Бастауыш партия ұйымдары арасында ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН өткен «БАСТАУЫШ ҰЙЫМ - ПАРТИЯ ТІРЕГІ» атты аудандық турнир қорытындысы бойынша:
«ТТК-Шиелі» БПҰ - І орынды,
«Атамекен» БПҰ - ІІ орынды,
«РУ-6» БПҰ - ІІІ орынды иеленіп, арнайы ДИПЛОМДАРМЕН және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жарыстың ІІ – ші облыстық кезеңіне жолдама алып, Үздік деп танылған «ТТК-Шиелі» БПҰ командасына сәттілік тілейміз!




















"Өскен өңір" ақпарат

27 қыркүйек 2019 ж. 916 0