Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның қай қалаcында пәтер бағасы көтерілді?

Қазақстанның қай қалаcында пәтер бағасы көтерілді?

Осы жылдың қыркүйек айының қорытындысында жылжымайтын мүлік бағасы айтарлықтай қымбаттаған қалалар белгілі болды, - деп хабарлайды krisha.kz.
«Қыркүйек айының қорытындысында тұрғын үйі ең қымбат Қазақстан қалаларының бестігін Алматы бастап тұр. Шартты түрде ауданы 40 шаршы метр болатын пәтердің қазіргі құны 15,6 млн теңгеден асып жығылады. Екінші орында тұрған Нұр-Сұлтан қаласында дәл осындай пәтерді 13,3 млн теңгеге сатып алуға болады. Ал Атырауда мұндай пәтердің бағасы 10 млн, Шымкентте 9,5 млн, Петропавлда 8,8 млн теңге», - делінген жарияланған ақпаратта.
Сарапшылардың мәліметтеріне сәйкес, ауданы 40 шаршы метрлік ең арзан баспана Қызылорда қаласында (5,4 млн теңге) тіркелген. Дәл осындай аудандағы пәтерді Ақтөбеде 5,9 млн, Таразда 6,5 млн, Семейде 7,1 илн, Павлодарда 7,3 млн теңгеге сатып алуға болады. Өткен айдың ішінде баспанаға орташа бағаның 2,3 пайызға өсуі Талдықорған қаласында тіркелген. Бұл қалада пәтердің бір шаршы метрі 193 475 теңгені құрайды. Өскеменде баға өсімі 2 пайыз шамасында. Сатушылар пәтерінің бір шаршы метріне 199 800 теңге сұрайды. Петропавлда баға 1,9 пайызға өсіп, шаршы метрі 219 600 теңгеге, ал Шымкентте 1,8 пайызға қымбаттап 238 175 теңгеге жетіп отыр.
05 қазан 2019 ж. 786 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031