Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның пәтер ең арзан қалалары анықталды

Қазақстанның пәтер ең арзан қалалары анықталды


Қазақстанда баспанасы арзан қалалардың рейтингісі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат krisha.kz-ке сілтемемен.
2018 жылғы қаңтарда рейтингінің бесінші орнына Өскемен қаласы орналасты. ШҚО орталығында қаңтар айында баспананың шаршы метрінің бағасы 165,4 мың теңгені құрады. Бұл Алматы немесе Астанадағыға қарағанда екі есе арзан. Яғни 40 шаршы метрлі орташа пәтерлер 6,6 млн теңге, ал 80 шаршы метр үш бөлмелі үй 13,2 млн теңге айналасында бағаланады. Төртінші орындағы Семейде баспананың шаршы метрі 160,4 мыңнан сатылып жатыр. Бір бөлмелі пәтер мұнда 6,4 млн теңге, ал 80 шаршы метрлік пәтерлердің орташа бағасы 12,8 млн теңгені құрайды. Үшінші орында Павлодар тұр. Облыстың бас қаласындағы үйдің бағасы Семеймен шамалас - 159,5 мың теңге. Екінші орында 155 мың теңге индексімен Ақтөбе келеді. Қазақстанның пәтер ең арзан қаласы - Тараз. Мұнда баспананың шаршы метрі орташа 151,9 мың теңге. 
inform.kz
17 ақпан 2018 ж. 1 096 0