Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақта үй арзан

Аймақта үй арзан

Тұрғын үй қолжетімділігі қазіргі уақытта ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Оны шешудің әр түрлі жолдары бар: сатып алу, банктердің ипотека бағдарламаларын қарастыру, қызметтік тұрғын үй алу немесе мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналы бола алады.Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы еліміздегі ең арзан тұрғын үй беретін аймақтардың үштігіне кірді. Өткен жылдың қортындысы бойынша облыс орталығындағы үйлердің құны шаршы метрге шаққанда 141 мың теңгеден болған. Ал, ең арзан пәтерлер құны жөнінен Тараз бен Петропавл қалалары шаршы метріне 116 мың және 140 мың теңгемен алдыңғы орында тұр. Сәйкесінше, ең қымбат пәтерлер жөнінен Астана, Алматы және Атырау қалалары көш басында келеді. Мұнда пәтерлердің бастапқы құны шаршы метріне 300 мың теңгеден асады.

«Өскен өңір» ақпарат.
12 қаңтар 2019 ж. 1 168 0